Қоғам • 18 Қазан, 2018

Кубань казактары қазақша шырқады

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Бейбітшілік және келісім сарайында әлемге танымал Мемлекеттік академиялық Кубань казактары хоры ұжымының концерті өтті. Іс-шара Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстандағы Ресей мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылды.  

Кубань казактары қазақша шырқады

Кубань казактарының хоры Ресейдің ұлттық бренді жә­не Краснодар өңірінің мә­дени құндылығының бой­тұ­мары болып табылады. Екі ға­сырдан астам та­рихы бар өнер ұжымын Ас­тана тұрғындары мен қо­нақ­­тары қошеметпен қарсы алды. 

Жиналған көрермендер алдында концертті Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қа­­зақстандағы Ресей Феде­ра­циясының Төтенше және өкілетті елшісі Алек­сей Бородавкин құттық­тау сөз­дерімен ашты. Өз сөз­дерінде олар Мемлекет­тік академиялық Кубань казактары хорының кон­церті Ресей мен Қазақ­стан халқын байланыс­ты­рып отырған достық пен өзара сыйластықтың ны­­ша­ны болып табылады деді. Мұндай өз­ара мәдени қ­а­рым-қатынас біздің ел­де­ріміздің арасындағы ын­ты­мақтастықты дамыту­дың негізін қам­тамасыз ететін­дігін атап өтті. 

Концерт бағдарлама­сын­да орыстың халық әндері шырқалып, вокалдық-хо­рео­­графиялық композиция­лар халық билерінің сүйе­мелдеуімен көрсетілді. Кеш­тің шарықтау шегі ұлы Абай Құнанбаевтың «Айт­тым сәлем, Қаламқас» әнін қазақ тілінде орындауы болды. Қазақ халық музыкасын тамаша орындаған әртістерге көрермендер орындарынан тұрып қошемет көрсетті. 

«Егемен-ақпарат»