Парламент • 18 Қазан, 2018

Сенаторлар құрылыс алаңдарында болды

197 реткөрсетілді

Парламент Сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова, Ерболат Мұқаев және Нариман Төреғалиев жұмыс бабындағы сапармен Батыс Қазақстан облысындағы Қазталов ауданында болып, бірқатар құрылысы басталған жобалармен  танысты, деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Сенаторлар алдымен Ақпәтер ауылдық округі аумағындағы Орал-Көшім жүйесінен бассейнаралық суды тасымалдауға арналған Киров-Шежін арнасын жаңғырту жұмыстарының барысына куә болды. Ресейден келетін суға тәуелділікті азайтуды мақсат еткен бұл жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлінген болатын. Қараша айының аяғына дейін бұл құрылыс пайдалануға берілетін болады.

Сенаторлар одан кейін Жалпақтал ауылындағы екі қабатты 12 пәтерлік тұрғын үй құрылысында да болды. Депутаттар К.Меңдәлиев атындағы мектептің музейі мен ІТ сыныбын көріп, қазіргі заманғы техникамен жабдықталуы барысымен танысты. Сапар барысында Ғ.Молдашев атындағы мектепте, Жалпақтал ауруханасында, «Ертегі» бөбекжайында болған сенаторлар мекеме қызметкерлерімен жүздесу кезінде Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндірді. Ұжым мүшелері Елбасының жүргізген саясатын, Жолдауды тыңдап, әрдайым қолдайтындықтарын жеткізді. Сондай-ақ «Педагогтар мәртебесі туралы» заңның қажеттілігі, Жастар жылын жариялаудың маңызы, агроөнеркәсіп коопертивтері мен қайта өңдеу саласын, жалпы бәсекелестік пен өмір сапасын артыруға бағытталған бағдарламалардың қажет екені айтылды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Багаев көрмесі Қостанайға келді

Руханият • Бүгін, 18:01

Әрбір донор – батыр

Медицина • Бүгін, 17:07

Дарынды түлек Дарина

Қазақстан • Бүгін, 15:36

Арыста медициналық штаб құрылды

Аймақтар • Бүгін, 13:23

Дзюдошылар үш жүлде алды

Спорт • Бүгін, 12:43

Көкке қол созған саңлақ

Қоғам • Бүгін, 10:18

Қараша қазға қамқорлық

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Қаламгерлер арасындағы турнир

Қазақстан • Бүгін, 10:14

Айбынды жастар анықталды

Қазақстан • Бүгін, 10:10

«Ақбас» тұқымынан артығы жоқ

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Электронды сауда қызып келеді

Қазақстан • Бүгін, 10:01

Тіл – ортақ, тілек – бір

Қоғам • Бүгін, 09:55

Серт пен сенім

Президент • Бүгін, 09:35

Елден елдің несі артық?

Қоғам • Бүгін, 09:28

Жаңа технологиялық соғыс

Әлем • Бүгін, 09:21

Ұқсас жаңалықтар