Қазақстан • 17 Қазан, 2018

Түркиядан жеткізілген Күншығаров Атырауда теракт жасауға қатысы бар деп күдіктелуде

39 реткөрсетілді

Кеше Түркиядан экстрадицияланған Елдос Күншығаров 2011 жылы Атыраудағы екі терактіге қатысы бар, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

«16 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Бас прокуратура қызметкерлері 2011 жылдан бастап, террорлық акт дайындау және террорлық әрекетке қатыстылығы бойынша күдікті ретінде іздестірілген Қазақстан азаматы Елдос Күншығаровты Ыстамбұлдан Атырауға жеткізді Қазіргі уақытта оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Е.Күншығаровтың ұсталуы және елге жеткізілуі ҰҚК, Бас прокуратура және Сыртқы істер министрлігімен өзара бірлескен жұмыс, сондай-ақ түркиялық серіктестер және Интерпол бюросымен тығыз әрекеттесуі нәтижесінде мүмкін болған.

Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Елдос Күншығаров 2008 жылы ауған-пәкістан аумағына шығып, сол жерде Атырау қаласында 2011 жылғы қазанда болған екі жарылысқа жауапты «Джунд әл-Халифат» террористік тобын құруға қатысқан.

Ол 2013 жылы заңсыз Сирияға өтіп, «Джабхат ан-Нусра» террористік ұйымының қатарына кірген.  2015 жылдан бастап, Түркияда жасырынып жүрген. Сол жерде анықталып, ұсталды.

Айта кетерлігі, бұдан бұрын, 2013 және 2017 жылдары, «Джунд әл-Халифат» ұйымының белсенді мүшелері Орынбасар Мұнатов пен Дамир Зналиев шетелде құрықталып, Қазақстанға қайтарылған. Сот олардың әрқайсысын 20 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айырды.

Еске сала кетсек, кеше Елдос Күншығаров Түркиядан экстрадицияланғаныхабарланды. 

Еске сала кетсек, 2012 жылы қыркүйекте Ауғанстанда моджахедтер жағында соғысып жүрген және Қазақстанда астыртын лаңкестік топтарды басқарған 9 атыраулықтың есімі жария етілген болатын. Солардың қатарында Елдос Күншығаровтың аты да аталған болатын.  

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар