Хоккей • 19 Қазан, 2018

«Барыс» - «Трактор»: 5:4

167 реткөрсетілді

Елордалық «Барыс» сырт айдында Челябінің «Трактор» командасымен кездесті. Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде «Барыс» қарсыласын овертаймда 5:4 есебімен тізе бүктірді, 

Аталмыш кездесуде айдын иелері есепті алғашқы болып ашты. Оны 11-минутта Александр Шаров өзінің еншісіне жазды. Оған екінші кезеңнің 24-минутында «Барыс» ойыншысы Андре Петерсон жауап қайырды. Бұдан кейін «Трактор» елордалық клуб қақпасына екі шайба соқты. Атап айтқанда, 26-минутта Антон Глинкин, 35-минутта Александр Рыбаков дәлдік танытты. Ал 36-минутта «Барыс» хоккейшісі Брэндон Боченски есеп айырмасын қысқартты. Бұдан кейін 38-минутта челябілік Александр Шаров біздің қақпадан саңылау тапты. Есеп 4:2. «Трактор» тағы да екі шайбамен алға шықты.

Соңғы кезеңде «Барыс» сапынан 54-минутта Джеоси Блэкер мен 59-минутта Мэттью Фрэттин гол авторлары атанып, екі команда тең түсті. Осылайша ойын овертаймға ұласты. Бұл кезеңде Брэндон Боченски жеңіс шайбасын соғып, өз командасын алға сүйреді. Есеп 5:4.

«Барыс» соңғы бес ойында төрт мәрте жеңіске жетті. Айта кетелік, бұған дейін сырт айдында екі кездесу өткізді. 14 қазанда сырт айдында Омбының «Авангард» клубына 3:5 есебімен жол берді.

Ал 16 қазанда Екатеринбургте биылғы құрлықтық хоккей лигасында 18 ойын бойы жеңіліп көрмеген «Автомобилисттен» 2:1 есебімен басым түсті. «Барыс» енді бес ойын қатарынан өз айдынында қарсыластарын қабылдайды. Атап айтқанда, 22 қазанда Минскінің «Динамосымен», 26 қазанда Подольскінің «Витязімен», 28 қазанда Новосібірдің «Сибирімен», 30 қазанда Владивостоктың «Адмиралымен», 1 қарашада Челябінің «Тракторымен» кездеседі.

Соңғы жаңалықтар

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Бүгін, 08:49

Алаштанушы ғалымның белесі

Руханият • Бүгін, 08:47

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Бүгін, 08:46

Намазалы Омашұлы: Ел шежіресі

Руханият • Бүгін, 08:42

Тараз шаһарындағы тамаша түн

Аймақтар • Бүгін, 08:39

Тұңғыш Тіл форумы өтеді

Қоғам • Бүгін, 08:36

Патриархтың орындалған парызы

Руханият • Бүгін, 08:33

Кедергісіз келешек

Қоғам • Бүгін, 08:31

Жошы ханға ескерткіш орнатылады

Руханият • Бүгін, 08:24

Қазақтардың атқа міну мәдениеті

Қазақстан • Бүгін, 08:22

Еуроны сатып алушылар көбейді

Экономика • Бүгін, 08:20

АQR: 14 банкті «сауықтыру» керек пе?

Экономика • Бүгін, 08:15

Ұқсас жаңалықтар