64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Талғат финалда ресейлік Илья Поповпен жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жек барысында біздің спортшының басымдығы айқын білінгенімен, төрешілер жеңісті Поповқа берді.
Есеп - 4:1.
Еске сала кетейік, Олимпиадаға аттанған үш қазақ боксшысы да жүлдеге ілікті. Айбек Оралбай Олимпиада чемпионы атанса, Талғат Шайкен мен Дамир Тойбайдың еншісінде күміс медаль бар.