Өнер • 20 Қазан, 2018

Павлодарда ТҮРКСОЙ жастар камералық хоры өнер көрсетті

66 реткөрсетілді

Облыс  орталығындағы Естай атындағы мәдениет сарайында өткен хор көпшілікке жақсы рухани әсер қалды. Хордың концерті Астананың 20 жылдығы мен ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдығына арналды.

Жастар камералық хор құрамында 32 жас өнерпаз бар. Жастар хоры хормейстер Гүлмира Құттыбадамова жетекшілігімен  20-ға жуық әндер орындады. Осы кеште түркі халықтарының хор ұжымы қырғыз, әзербайжанның   татардың  түріктің  түрікменнің  өзбек халықтарының  тілінде әндер шырқады.

Жалпы, ТҮРКСОЙ Жастар камералық хоры өнер қайраткері Дүйсен Қасейіновтің бастамасы бойынша 2015 жылы құрылған. Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Татарстан, Түркия елдерінен музыкалық академия, консерватория түлектері мен шәкірттерінен құралған.

Әрине күнделікті келіп-кетіп жататын у-шу, әншілердің жеңіл-желпі  кейбір әндеріне қарағанда, Түркі тілінде әндер орындайтын хордың әуенді парасаты  ерекше, өзгеше бөлек. Басқа бір әлемде отырғандай рухани күй кешіп, демаласың.

Хор ұжымы Азия және Еуропа елдерінде де өнер көрсетеді. Хор репертуарында негізінен Түркі халықтарының әндерінен, Түркі елдері заманауи композиторларының шығармаларынан,батыс еуропалық хор музыкасының туындылары бар.

Облыс әкімі Болат Бақауов та  хор концертін тамашалап, әсерлі музыка кеші үшін алғысын білдіріп, жастар  камералық хор ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

 

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген Валерий Бугаев

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар