Аймақтар • 21 Қазан, 2018

Қостанайда «102» операторлары үшін еліміздегі тұңғыш скрипт жасалады

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай мен Рудный қалалары ішкі істер басқармаларының операторлары үшін арнайы сөздік құрылғылар, яғни скриптер жасалатын болады. Полицейлер жұмысының ерекшелігіне байланысты психологтар жасаған бұл озық тәжірибе жөнінде Облыстық ішкі істер департаментіндегі семинарда айтылды.

Қостанайда «102» операторлары үшін еліміздегі тұңғыш скрипт жасалады

Облыстық ішкі істер департаменті Жедел жоспарлау басқармасының бастығы Павел Баксараевтың айтуынша, «102» номеріне қостанайлықтардан күніне 500 қоңырау түседі. Адамдардың амандығы мен қылмыскерлерді тез құрықтау полицейдің ақпаратты тез қабылдап, кешенді шаралар қабылдауына тікелей байланысты.  

«Полицей телефонның ар жағынан айтылған ақпаратты 5 минуттың ішінде алуы тиіс.Сондықтан полицей сөзді орнымен қолдануын, болған оқиға туралы нені сұрауын білуі, телефон шалған адамды жұбатып және қылмысты алдын алуы тиіс. Сондықтан біз бірінші рет әдістемелік ұсыным жасау үшін тәжірибелі психологтарға жүгіндік» дейді Павел Баксараев.

Облыста өте тәжірибелі психологтардың өзі полицейлермен бірінші рет жұмыс істеді.

«Телефондағы әңгіменің анық жасалған алгоритмі полицейдің оқиға туралы ақпаратты тез, жедел алуына және олардың асып-саспай, сабырлылық танытуына оң ықпал етеді» дейді «102» операторларының семинарға қатысқан кураторы Гүлдана Қабдырахметова.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай

Соңғы жаңалықтар