Аймақтар • 22 Қазан, 2018

Ақтөбеде Мәжіліс депутаттары колледж ұжымымен кездесті

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Сәкен Өтебаев пен Бақытгүл Хаменова Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі педагогикалық ұжымымен кездесті.

Ақтөбеде Мәжіліс депутаттары колледж ұжымымен кездесті

Басқосуда Мемлекет Басшысының Қазақстан халына Жолдауына орай ең төменгі жалақының өсімі және педагогтар мәртебесін өсіру жөнінде мәселелер қозғалды. Сондай-ақ парламентшілер ұжым мүшелері қойған бірқатар сұрақтарға жауап қайтара келіп, техникалық мамандықтардың сапалық деңгейін көтеру және оқушылар санын өсіру қажеттігі жөнінде айтп берді.

Бұдан әрі Бақытгүл Хаменова «Педагогтар мәртебесі туралы» жаңа Заң жобасының жариялануы әр ұстаздың құқығын қорғауға септігін тигізе алатыны туралы ой қозғады. Ал оның әріптесі Сәкен Өтебаев Елбасы Жолдауына желі болып тартылған өзекті мәселелер еліміздің одан әрі өркендей беруіне алғышарт қалай алады деп түйін жасады.

Темір Құсайын,

«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе