Медицина • 22 Қазан, 2018

Сүйіспеншілік сабағы

1223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, бі­лім беру және сауықтыру орта­лы­ғында «Бөбек» қа­йы­рымдылық қорының пре­зи­ден­ті, «Өзін-өзі тану» руха­ни-адамгершілік білім беру бағ­дарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева «Сүйіс­пеншілік сабағын» өткізді. 

Сүйіспеншілік сабағы

«Сүйіспеншілік сабақтары» – бұл Сара Назарбаеваның педагогтар, оқу­шылар және түлектермен дәстүрлі кез­десуі. Бұл жолы аталған шараға елі­міздің барлық аймақтарынан келіп, «Бөбек» орталығында «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша бі­лік­тілікті арттыру курстарында білім алып жат­қан ұстаздар қатысты. Бағдарлама ав­­торы педагогтарға қа­зір­гі кездегі әлем­­дегі рухани және адамгершілік құн­­­дылықтары туралы айта келе, ба­ланың жеке тұлға ретінде қалып­та­суындағы мұғалімдердің атқаратын рөлінің маңыздылығына тоқталып, адам­ның шынайы бақыты туралы өзінің ой-пікірімен бөлісті. 

– Әр нәресте шыр етіп, дүние­ге кел­генде оның келешегі мен та­ғ­дыры пешенесіне жазылады. Ал ме­нің маң­дайыма ата-ананың қам­қор­лығынсыз қал­ған балаларға жебеу болу жазылған екен, – дейді Сара Ал­пыс­қызы. 

Сондай-ақ Сара Назарбаева ханым еліміздегі балалардың мүддесін барынша жоғары қоюмен қатар, жас ұрпақтың тағдырын рухани-адамгершілікпен сабақтастырып, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлеудің қажеттігі жайында да тартымды әңгіменің тиегін ағытты.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ