Қазақстан • 22 Қазан, 2018

Бейбіт Атамқұлов Airbus компаниясының басшылығымен кездесті

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов француздық «Airbus Defence and Space» («Airbus D&S») компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Бейбіт Атамқұлов Airbus компаниясының басшылығымен кездесті

Кездесуге француз тарапынан "Airbus D&S" Бас хатшысы – Хьюг Лапорт-Вейвада, "Airbus D&S" ғарыш бөлімшесінің бірлескен кәсіпорындарымен жұмыс жөніндегі директоры – Жан – Ив Элорэ, ЖҚЗ спутниктерін сатушы менеджер – Ги Лимузан, Ресейдегі «Airbus D&S» басшысы – Владимир Терехов, ТОО «Airbus Kazakhstan» бас директоры – Блащишин Роман қатысты.

Келіссөз барысында тараптар ғарыш аппараттарының Құрастыру-сынау кешенін жүктеу және Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйелерін коммерцияландыру мәселелерін талқыланды.

Кездесу соңында тараптар өзара тиімді стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын бекітті, түрлі мақсаттағы ғарыш жүйелерін құру жөніндегі жобаларды, сондай-ақ бірлескен жобалармен сыртқы нарыққа шығу мүмкіндіктерін қарастырды.