Әлем • 22 Қазан, 2018

Индонезиядағы апат салдарынан экономикалық шығын шамамен 911 млн АҚШ долларға жетті

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезияның  Сулавеси аралында болған зілзала және одан туындаған цунами салдарынан болған экономикалық залалдың көлемі шамамен 13,82 трлн рупий(911 млн АҚШ доллары), деп жазады The Jakarta Post газеті.

Индонезиядағы апат салдарынан экономикалық шығын шамамен 911 млн АҚШ долларға жетті

Соңғы деректерге қарағанда, зілзала және одан туындаған цунамиден 2256 адам қайтыс болған, жарақаттанғандар саны- 4,612 және 223,751 адам өз үйін тастап кетуге мәжбүр болған.

Құтқарушылардың айтуынша, орталық Палу қаласының маңындағы екі елді мекеннің өзінен 5 мың адам хабар-ошарсыз кеткен. Ал табиғи апат болған аймақта жалпы 4 млн адам өмір сүріп жатқан.

"Біз апат салдарынан болған шығындар мен залал әлі өсетінін білеміз , өйткені біз пайдаланатын деректер уақытша сипатқа ие", - деді жексенбі күні  BNPB өкілі Сутопо Пурво Нугрохо.