Қазақстан • 22 Қазан, 2018

Қазақ әдебиетінің жинақтары қытай, араб тілдерінде жарық көреді

193 реткөрсетілді

Қазақ әдебиетінің жинақтары қытай, араб тілдерінде жарық көреді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

22 қазанда Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  жүзеге асыру жөніндегі ұлттық комиссия мен  «Жаһандану әлеміндегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына қатысуға ниет білдірген  Қытай Халық Республикасының «Ұлттар баспасы», сондай-ақ Египет Араб Республикасының Мәдениет және білім орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Келісім аясында серіктестер Қазақстан тарапына қазіргі қазақ әдебетиетінің үздік үлгілерін қытай, араб тілдеріне аударуға, сонымен қатар оны баспадан шығарып, таратуға жәрдемдеседі.

Ұлттар баспасы – Қытай Халық Республикасының аудармаға маманданған арнаулы мемлекеттік ұйымы. Ол жыл сайын Қытайда тұратын 56 этностың тілінде жалпы тиражы 20 миллион данаға дейін мынға жуық көркем әдебиетті баспаға даярлайды. 1953 жылдан бері баспаның қазақ редакциясы жұмыс істеп келеді.

Ал, Египет Араб Республикасының Мәдениет және білім орталығы – араб тілі мен мәдениетін кеңінен насихаттап, Мысыр және басқа елдер арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтумен айналысатын беделді ұйымдардың бірі. Орталықтың  25 елде  өкілдігі бар.

Қазақстан тарапынан меморандумға қол қойған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ұлттық комиссияның  хатшысы  Аида Балаева Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған жобаның айрықша маңызы мен жоғары мәртебесіне тоқталды.  Қазақ прозасы мен поэзиясының таңдамалы жинағы осындай ауқымда шығарылуы алғаш рет. Антология БҰҰ-ның 6 тілінде жарық көріп, ағылшын, араб, қытай, испан, орыс және француз тілдерінде сөйлейтін елдерге тегіс таратылады.

Өз кезегінде ҚХР Ұлттар баспасының орынбасары, Гао Ли ханым қытай тарабы басылымның сапасын қамтасыз ету үшін бар білімдері мен тәжірибесін жұмсайтынына сендірді.  Гао Ли ханымның айтуынша, Ұлттар баспасы үшін әлемге әйгілі ірі баспалармен бірге осындай ауқымды жобаға  қатысу – үлкен мәртебе.

Египет Араб Республикасы Мәдениет және білім орталығының директоры Хемдан Ибрагим антологияны аудару, басып шығару барысында араб әлемі мен Қазақстан арасында екіжақты мәдени-гуманитарлық байланыстар нығайып, Қазақстан мен Египеттің ынтымақтастығы арта түсетініне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені № 6

Руханият • Бүгін, 11:57

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:55

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы    

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:52

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:45

Ең қысқа әңгіме. Мағжан Қалымбекұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:42

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:40

Ең қысқа әңгіме. Алтынғадыс Күнтуғанұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:39

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:36

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:31

Ең қысқа әңгіме. Күлайна Оразбекқызы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:30

Ең қысқа әңгіме. Құрманғазы Жұмағұл

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:29

Ең қысқа әңгіме. Құрманжан Қасымжанұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:19

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:18

Дәуір белесінің авторы

Әдебиет • Бүгін, 09:18

Мінез жұмбақтығы

Әдебиет • Бүгін, 09:16

Әуезовтің жалғасы

Әдебиет • Бүгін, 09:14

Ғасыр эпопеясы

Руханият • Бүгін, 09:13

Уәдеге берік бол!

Бүгін, 09:11

Тіл тірлігі – тілге мұқтаждықта

Руханият • Бүгін, 09:07

«Аққу ақын» Атырауға келді

Әдебиет • Бүгін, 08:57

Таластан шыққан дипломат

Руханият • Бүгін, 08:54

Өрісі кең, өрелі

Руханият • Бүгін, 08:50

«Жетісу» – жеңімпаз

Спорт • Бүгін, 08:50

Хат қоржын (22.10.2019)

Руханият • Бүгін, 08:45

Салық төлеушілер баға қойды

Қазақстан • Бүгін, 08:23

Қарқыны бөлек «Қаламқас»

Экономика • Бүгін, 08:22

Қара сиырым қарап тұр...

Қоғам • Бүгін, 08:21

Қазақ өзі қандай халық?

Руханият • Бүгін, 08:19

Тәу етер мекен – Тарбағатай

Руханият • Бүгін, 08:16

«Елтану» – ертеңшіл жоба

Руханият • Бүгін, 08:15

Тарихымыздың құты – Тайқазан

Руханият • Бүгін, 08:12

Ұқсас жаңалықтар