Қазақстан • 23 Қазан, 2018

Қазақстанда еңбек кітапшасы алынып тасталады

86 реткөрсетілді

Елімізде біртіндеп e-HR жүйесі енгізілгелі жатыр. Осылайша, 2019 жылдан бастап еңбек келісімшарты онлайн-режимде жүргізілетін болады.

«Қазіргі уақытта жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің арасындағы іскерлік құжаттарды жүргізудің осындай амалы өте маңызды. Себебі, олардың біршама бөлігі қашықтықта жұмыс істейді. Жуық арада адамдарға жұмысқа тұру үшін тек жеке куәлік ғана қажет болады. Қалған құжаттар дерекқорда сақталады», - деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, бүгінгі күні аталған қызмет жаңартылған enbek.kz сайтының ең көп кездесетін түріне айналған. Осылайша, еңбектің электронды биржа базасында цифрлы форматтағы жұмысшы профилін енгізу жүйесі мен еңбек келісімшартының есебі құрылады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері жұмыс берушілерге жеке электронды істерді құруды ұсынады. Жұмысқа тұру кезінде адамдар құжаттар пакетін ұсынған кезде олардың ЖСН нөмірін бірден жеке мәліметтерді өңдеуге жіберу ұсынылады. Осының арқасында жұмыс беруші тексерілген электронды ақпаратты, яғни цифрлы жеке істі ала алады. Ары қарай онлайн режимде жұмысшының құзыретін растауға болады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мұндай амал - әдіс қағаз жүзіндегі әурені жоюға, еңбек кітапшаларынан бас тартуға көмектесетінін айтады.

«Осы жүйе жүзеге асқан жағдайда қазақстандықтар жұмысқа тек жеке куәлікпен ғана кіре алатындай жағдай жасалады. Диплом және медициналық анықтама секілді басқа да құжаттар мәліметтер базасында сақталады. Біз құжаттарды рәсімдеу жұмысын жеңілдетіп, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы өзара қарым-қатынасты электронды форматқа ауыстырғымыз келеді. Мәселен, егер адам жұмыстан шығып қалса, автоматты түрде оны еңбектің электронды биржасына шығара аламыз», - дейді Н.Мұқышев.

Іске асырылатын жүйенің тиімділігін тексеру үшін пилотты жоба биыл бүкіл Қазақстанда басталып кеткен. Электронды еңбек келісімшартын толығымен 2019 жылы өту көзделіп отыр. Сондай-ақ, enbek.kz сайтында өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар үшін электронды тіркеу жүйесін енгізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені № 6

Руханият • Бүгін, 11:57

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:55

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы    

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:52

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:45

Ең қысқа әңгіме. Мағжан Қалымбекұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:42

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:40

Ең қысқа әңгіме. Алтынғадыс Күнтуғанұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:39

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:36

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:31

Ең қысқа әңгіме. Күлайна Оразбекқызы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:30

Ең қысқа әңгіме. Құрманғазы Жұмағұл

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:29

Ең қысқа әңгіме. Құрманжан Қасымжанұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:19

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:18

Дәуір белесінің авторы

Әдебиет • Бүгін, 09:18

Мінез жұмбақтығы

Әдебиет • Бүгін, 09:16

Әуезовтің жалғасы

Әдебиет • Бүгін, 09:14

Ғасыр эпопеясы

Руханият • Бүгін, 09:13

Уәдеге берік бол!

Бүгін, 09:11

Тіл тірлігі – тілге мұқтаждықта

Руханият • Бүгін, 09:07

«Аққу ақын» Атырауға келді

Әдебиет • Бүгін, 08:57

Таластан шыққан дипломат

Руханият • Бүгін, 08:54

Өрісі кең, өрелі

Руханият • Бүгін, 08:50

«Жетісу» – жеңімпаз

Спорт • Бүгін, 08:50

Хат қоржын (22.10.2019)

Руханият • Бүгін, 08:45

Салық төлеушілер баға қойды

Қазақстан • Бүгін, 08:23

Қарқыны бөлек «Қаламқас»

Экономика • Бүгін, 08:22

Қара сиырым қарап тұр...

Қоғам • Бүгін, 08:21

Қазақ өзі қандай халық?

Руханият • Бүгін, 08:19

Тәу етер мекен – Тарбағатай

Руханият • Бүгін, 08:16

«Елтану» – ертеңшіл жоба

Руханият • Бүгін, 08:15

Тарихымыздың құты – Тайқазан

Руханият • Бүгін, 08:12

Ұқсас жаңалықтар