Аймақтар • 23 Қазан, 2018

Қарағанды – IT кеңістіктің бастау алаңы

226 реткөрсетілді

Қарағанды қаласында тек еліміздің өндірістік аймағы болып қана қоймай, сонымен қатар цифрлық технологияларды дамыту орталығына айналу әлеуеті пайда болды. Әлемге танымал ІТ-мамандар Қарағандыны «Террикон алқабы» деп атауды ұсынды.

Таяуда кеншілер астанасында төрт күн бойы «IT-WEEKEND.KZ-2018» халықаралық форумы өтті. Шараға барлық аймақтардан және басқа елдерден жоғары технология мамандары жиналды. Форумның «Қарағанды – ІТ-кеңістіктің бастау алаңы» атты басты панельдік сессиясына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қатысты. Аймақ басшысы өз сөзінде бүгінгі таңда ІТ-нарық – барлығымыз үшін керемет мүмкіндіктер және бастама позициялар болып табылатынын атап өтті.

«Елбасы бастамасының арқасында елімізде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Алдыңғы қатарлы елдер цифрландыруға ондаған жылдар бойы қателіктер мен тәжірибелер арқылы жеткен. Бұл әлемдік тәжірибе ІТ-саланы дамытуға арналған стратегия болып табылатын «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында ескерілген», деді Ерлан Қошанов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қарағанды ІТ-форумды өткізетін жер ретінде тегін таңдалған жоқ. Қалада ЖОО және мамандандырылған колледж негізіндегі мықты математикалық мектеп бар. Қарағандылық бағдарламалаушылар Google секілді әлемнің алдыңғы қатарлы ІТ-компанияларында қызмет етеді. Бұған қоса, облыста цифрлық «ерекшеліктер» енгізіліп жатқан сәтті үлгілер бар.  Мысалы, денсаулық сақтау және білім беру саласы көптеген нәтижелерге қол жеткізген. Үйде отырып, дәрігердің қабылдауына жазылуға, медицина қызметкерін үйге шақыруға және қажетті дәрі-дәрмектің рецептін жазғызып алуға мүмкіндік беретін «Даму мед» қосымшасы сәтті жұмыс істеп жатыр. Қарағандылық айти мамандардың зерттемесі қазіргі күні Қазақстанның барлық қалаларында қолданысқа енгізілді. Тек Қарағандының өзінде-ақ бұл қосымшаны 300 мыңнан астам адам пайдаланады. 

«Мұнда, Қарағандыда математикалық ой өрісі дамыған, осы салада өзіңмен тең адамдармен сөйлесе аласың. Осында қазір жастар, тәжірибелі мамандар, табысты кәсіби қызметкерлер, ғылым мен билік өкілдері өзара байланыс орнатып, драйв құрып, жаңашылдықтар ойлап тауып, өздерін де, өңірді де, жалпы елді дамытуға талпынатын бірегей алаң құрылып жатыр», деді сессияда Мәжіліс депутаты Павел Казанцев.

Форумға қатысушылар қарағандылық ІТ хабты «Террикон алқабы» деп атауды ұсынды.

– Силикон алқабы бар, ал Қарағандыда өзінің Террикон алқабы болады. Мен оны қолдаймын, – деді Ерлан Қошанов.

Осыған орай өңір басшысы өзінің орынбасары Алмас Айдаровқа және «Қарағанды облысының ақпарат, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мұрағаттар» МБ жетекшісіне тапсырма берді.

Сессия соңында Ерлан Қошанов форум шеңберінде өткен хакатон жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар табыс етті. Жеңімпаз атанғандардың барлығы да ҚММУ-дың студенттері болды. Олар 500 мың теңгеден иеленді. Студенттер мүмкіндігі шектеулі адамдарға немесе төсек тартып қалған науқасқа көмекші немесе күтуші тауып алуға мүмкіндік беретін мобильді қосымша жасап шығарған болатын.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Бүгін, 12:13

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені

Руханият • Бүгін, 11:14

Екі қола медаль еншіледі

Бокс • Бүгін, 09:57

«Барыстың» қарқыны қатты

Хоккей • Бүгін, 09:52

Кипрді де жеңе алмадық...

Футбол • Бүгін, 09:51

«Қара алтынды» қапысыз ағызған

Қазақстан • Бүгін, 09:44

Қыз әулие

Руханият • Бүгін, 09:34

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Бүгін, 09:28

Екіжақты келісімге қол қойылды

Қазақстан • Бүгін, 09:26

Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя

Қазақстан • Бүгін, 09:10

Жамбылдықтардың жарқын жобасы

Аймақтар • Бүгін, 08:36

Түгел түркіні түгендеген

Әлем • Бүгін, 08:20

Кей өңірлерде ауа райы өзгереді

Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы

Руханият • 12 Қазан, 2019

Сенаторлар сенбілікке шықты

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар