Өнер • 23 Қазан, 2018

Атырауда халықаралық күй фестивалі өтіп жатыр

279 реткөрсетілді

Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлына арналған ұлт-аспаптар оркестрлерінің халықаралық фестивалі басталды. Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен және еліміздің барлық аймақтарынан келген домбырашылар алдымен облыс орталығындағы Құрманғазы ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды.

Өнер мерекесіне 15 оркестр ұжымы қатысуда. Шара шымылдығын Атыраудағы Дина Нұрпейісова атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрі ашты. Одан кейін сахнаға көтерілген көкшетаулық К.Күмісбеков атындағы ұлт аспаптар оркестрі, ақтөбелік А.Жұбанов атындағы ұлт аспаптар оркестрі, Павлодардан келген Р.Омаров атындағы ұлт аспаптар оркестрінің өнерін Қырғызстаннан келген қонақтар «Мөлмөл» қомызшылар ансамблі жалғады. Ресейдің «Скиф» квартеті, Ақтау, Қостанай, Астана қалаларынан келген өнер ұжымдары да Құрманғазы күйлерін орындап, көрермен қошеметіне бөленді.

Өзбекстанның «Согдиана» халық аспаптар оркестрі, атыраулық «Нарын», Алматыдан келген Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрі фестивальдің екінші күнінде өнер көрсетіп, Жайық жағасында құдіретті  күй өнері салтанат құрды. Бұл қатарда талдықорғандық М.Төлебаев атындағы, оралдық Дәулеткерей атындағы, қызылордалық Тұрмағамбет атындағы халық аспаптары оркестрлері де бар.

Халықаралық фестивальге қатысушы оркестрлердің шеруі және марапаттау салтанаты ертең, 24 қазанда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт-мәдени кешенінде өтеді.

Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі, Атырау облысының Құрметті азаматы Айтқали Жайымов: «Атырау топырағында домбыра ұстаған дүлдүлдердің бас қосуы – Құрманғазы бабамыздың ұлылығына құрмет. Домбырашылар қай жерде бас қосса да, Құрманғазының күйі  күмбірлейді. Бұл да өнер құдіреті», - дейді.

 

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан».

АТЫРАУ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көш басында - Канело

Спорт • 15 Маусым, 2019

Ауылда да субұрқақ бар

Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Үздік дәрігерлер баспаналы болады

Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Шыңға біткен шынардай Шыңғыс еді!..

Руханият • 14 Маусым, 2019

Мерейі тасыған отбасы

Руханият • 14 Маусым, 2019

Бірлесіп күресуге шақырды

Саясат • 14 Маусым, 2019

«Реал» 303 миллион еуро жұмсады

Футбол • 14 Маусым, 2019

Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорт • 14 Маусым, 2019

Еуропа ойындары басталады

Спорт • 14 Маусым, 2019

Демалыс аймағы ашылды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мұражайлар фестивалі

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар