Аймақтар • 24 Қазан, 2018

Үстірттің Қазақстандағы бөлігінде қабылан пайда болды

1201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстірттің Қазақстандағы бөлігінде фототұзаққа қабылан түсіп қалды, деп жазды АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында.

Үстірттің Қазақстандағы бөлігінде қабылан пайда болды

«Ғажап! Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері керемет жаңалықты хабарлады. Қорық аумағында қабылан пайда болды», - деп жазды Сәкен Ділдахмет.

Оның жазуынша, кезінде бұл өңірде гепардтар тіршілік еткен. Ал қабыланның кезігуі бірінші рет тіркеліп отыр.

Еске сала кетсек, Үстірттің қазақстандық бөлігінде сирек кездесетін жануарлардың бары дәлелденгенін бұрын да хабарлаған болатынбыз. Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (ҚБСҚ) екінші экспедициясы Орталық Азия шөлдері жөніндегі бастама (ОАШБ) жобасы бойынша Үстірттің Қазақстандағы оңтүстік бөлігіне барып, осындай тұжырым жасаған.  

Айта кетейік, қабыландар Африка, Орта Азия және Үндістанда таралған. Қазақстанда 18-ғасырдың аяғы — 19-ғасырдың басында Каспий мен Арал теңіздерінің аралығындағы шөлді аймақта тіршілік еткен. 20-ғасырдың 50-жылдары сирек болса да, Үстірт пен Маңғыстау түбегінде кездесіп қалып жүрді.

Қабылан тропиктік және субтропиктік аймақтардағы ормандарда, тау беткейлерінде, жазық далалар мен саваннада, өзен бойындағы тоғайларда тіршілік етеді.