Қазақстан • 24 Қазан, 2018

Мәжілісмендер Маңғыстауда жүр

378 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары М.Чирков, А.Тасболатов, Б. Ізмұхамбетов және А. Мурадов іссапармен Маңғыстау облысында жүр.

Мәжілісмендер Маңғыстауда жүр

Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Н. Тумышев және депутаттар өңірдегі Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылындағы «Шлюмберже» мега-базасының жұмысымен танысты.

«Шлюмберже» компаниясының еңбек ұжымымен кездесуде депутаттар Жолдаудың басым бағыттарына, оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру саласына, яғни зейнетақы, жалақы, денсаулық сақтау, білім беру салаларының қолжетімділігін арттырып, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту жйына тоқталды. «Шлюмберже» компаниясы әлемнің 80-ге жуық елдерінде істейтін, 140 түрлі ұлттан тұратын 100 мыңға жуық жұмыскерлері бар дүниежүзілік ірі мұнай саласындағы қызмет көрсету корпорациясы. «Шлюмберже» сейсмикалық ақпарат пен формацияның дамуы процесі, ұңғы тесті мен тура бұрғылау, ұңғы цементтеу мен қоздыру, жасанды көтеру, ұңғыны аяқтау және консалтинг, бағдарламалар мен ақпаратты басқару сияқты кең ауқымды өнімдер мен қызметтер ұсынады. Бүгінгі таңда компанияның Маңғыстау облысындағы базасында 300-ге жуық адам еңбек етуде.

Кездесуде еңбек ұжымы депутаттарға өз ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты.

- Біз Маңғыстау облысының біршама мекемелерін аралап шықтық. Соның ішінде «Шлюмберже» мега-базасын ерекше атап өткім келеді. Бұл мекеме мұнай-газ саласы бойынша сандық жүйеге көшуді жолға қойып, қарқынды дамып келеді. Мұнда 300-ден аса адам қызмет атқарады, олардың әлеуметтік жағдайы жақсы екендігімен таныстық, көңіліміз толды. Себебі біз үшін ең басты мәселе қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсарту, деді генерал-лейтенант, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Тасболатов.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы