Қазақстан • 25 Қазан, 2018

Мәжіліс депутаттары Қостанайдың құрылыс алаңдарында болды

148 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Асылбек Смағұлов, Василий Олейник, Сергей Симонов, Әлия Сапарова  «Юбилейный» шағын ауданындағы құрылыс алаңында болды.

Мәжіліс депутаттары Қостанайдың құрылыс алаңдарында болды

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бұл жобаны іске асыруға облыстық бюджеттен алынған несиелер есебінен 4 млрд. 917 млн. 148 мың 100 теңге бөлінген. Құрылысты 2020 жылы тапсыру жоспарланған. Бөлінген 67 га жер телімінде 47 үй салынып, 5190 пәтер пайдалануға берілуге тиіс. Қазіргі уақытқа  25 үйдің, яғни 2172 пәтердің құрылысы жүргізіліп жатыр. Шағын аудан құрылысында 380 адам жұмыс істейді. Сол сияқты мұнда әлеуметтік нысандар: 280 орындық 2 балабақша, 1200 орындық мектеп, емхана, мұз сарайы, ұлттық мәдениет орталығы, смарт-орталық және қонақүй болады.

«Елбасының «7-20-25» бағдарламасының арқасында бүгінгі күндері түрлі мамандық иелеріне өздерінің бірінші тұрғын үйлеріне ие болу үшін жақсы мүмкіндік туып отыр. Бұл бағдарлама елімізде тұрғын үйге деген сұраныстың ауқымдылығынан, жеке тұрғын үй алғысы келетін жастарымыздың көптігінен туындап отыр. Тұтастай алғанда, Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасы» бүгіндері Қазақстанда белсенді түрде іске асырылуда, сондықтан да Елбасы оның биылғы жолдаудағы ролін атап өтті» деді «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Асылбек Смағұлов.

Халық қалаулыларының айтуынша, «7-20-25» бағдарламасы Қостанай облысында енді ғана іске асырылып жатыр, оны толығымен қамту үшін, нарықта тұрғын үйлерді көбейту қажет. Сондай-ақ, олар аймақта «Нұрлы жер» бағдарламасы табысты игеріліп жатқанын атап өтті.

«Тұрғын үй жинақ банкі» өкілінің айтуынша, Юбилейный» шағын ауданында жыл соңына дейін, 5 үй, соның ішінде 600 пәтер  іске қосылмақ.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай