Бокс • 25 Қазан, 2018

Бокстан «Жетісу кубогы» үшін жарыс  өтіп жатыр

587 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде бокстан «Жетісу Кубогы» үшін жарыс өтіп жатыр. Жастар арасындағы жойқын жұдырық иесін анықтайтын халықаралық турнир биыл он алтыншы рет жалауын көтерді.

Бокстан «Жетісу кубогы» үшін жарыс  өтіп жатыр

Бұл жолғы жарысқа еліміздің барлық облысынан бөлек Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Моңғолиядан жас боксшылар келіп қатысуда. Үш күнге созылатын сында екі жүзден астам былғары қолғап шеберлері шаршы алаңда нағыз мықтыны анықтамақ. Турнирде 14 салмақ дәрежесі бойынша жекпе-жекке шығатын боксшылардың арасында 5 қыз бала да білек күшін сынауда.

Жарыстың салтанатты ашылуына арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев қатысушыларға зор денсаулық, тартысқа толы кездесулер, әділ төрелік пен сәттілік тіледі. Ал турнир 27 қазанға дейін жалғасапақ. Бұл жолғы бәсекеде Алматы облысының намысын жиырма шақты жас бокшы қорғауда. Жеңімпаз сайыпқыранға бағалы сыйлықпен қатар бокстан спорт шебері атағы берілмекші.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы