Күрес • 25 Қазан, 2018

Әйелдер күресінен жарыс бүгін аяқталады

194 реткөрсетілді

Әйелдер күресінің өкілдері Венгрияның астанасы –Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатын бүгін аяқтайды. Әзірге алты салмақ дәрежелерінің жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бүгін түнде тағы төр салмақтың үздіктері белгілі болады.

55 кило салмақта жапониялық Маю Мукайданың мерейі үстем болды. 2016 жылы әлем чемпионы атанып, былтыр финалда ұтылған ол биыл қайта алтыннан алқа тағынды. Беларуссиялық Залина Сидакова күміс алса, кубалық Лиенна Монтеро мен солтүстіккореялық Чон Мен Сук қолаға қол созды.  59 кило салмақта да жапондардың жұлдызы жанды. Рио Олимпиадасының жеңімпазы деген дардай атағы бар Рисако Каваи жуырда ғана Жакартада өткен Азия ойындарында үшінші орында қалып қойған еді. Сол кезде оның көңілі қатты құлазыды. Ал Будапеште бәрі орнына қайта келді. Ақтық сында түркиялық Элиф Жале Ешілырмақтан айласын асырған Кавай қатарынан екінші мәрте әлем чемпионы атанып отыр. Қытайлық Пэй Синжу мен моңғолиялық Баатаржавын Шоовдор қола медальді еншіледі.

65 кило салмақта Финлияндияның өкілі Петра Олли топ жарса, канадалық Даниэлла Лаппа күміспен күптелді. Жапониялық Аина Гампэй мен әзірбайжандық Ирина Нетреба қоланы қанағат тұтты. 68 кило салмақ дәрежесінде Алла Черкасоваға тең келер ешкім табылмады. Осыдан сегіз жыл бұрын Мәскеуде алған қола медалін Украина балуаны биыл Будапеште алтынға алмастырды. Финалда ол франциялық Кумба Ларакуды қапы қалдырды. Қытайлық Чжоу Фен мен америкалық Тамара Менса үшінші сатыға жайғасты.

72 кило салмақтың ақтық сынында канадалық Жюстина Ди Стасио мен моңғолиялық Насанбурма Очирбат кездесіп, бұл бәсеке Үйеңкі жапырақтар елі өкілінің жеңісімен аяқталды. Түркиялық Бузе Тосун мен австриялық Мартина Кюнцке бұйырғаны қола жүлде. 76 кило салмақта америкалық ару Аделина Грэй алтын тұғырға көтерілді. Финалда АҚШ спортшысы түркиялық Ясмин Адардан айласын асырды. Канадалық Эрика Вибе мен жапониялық Ирое Минагава Сузуки үшінші сатыға табан тіреді.

Өкінішке қарай, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынында бірде-бір медаль жоқ. Бүгін қалған төрт салмақ дәрежесінің жүлделері сарапқа салынады. Сонымен қатар, грек-рим күресі шеберлері өз бәсекелерін бастайды. Бүгін Жансерік Сәрсенбиев (55 кило), Айдын Нұгыманов (63 кило), Демеу Жадыраев (72 кило) және Мақсат Ережепов (82 кило) боз кілемге шығады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:33

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:26

Күлкі керуені № 2

Руханият • Бүгін, 10:27

Қылқаламның ұшында – Қарағанды

Руханият • Бүгін, 09:48

«Қоянқасқа» тұлпар топ жарды

Руханият • Бүгін, 09:11

Қазақ дастарқанынан дәм татты

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Баянғали туралы баян

Руханият • Бүгін, 08:52

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Бүгін, 08:31

Жаңаөзенде жаңа жоба басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:24

Тағзым мен тағылым тоғысқан той

Руханият • Бүгін, 08:19

Экономикада тұрақты өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:06

Краудфандинг қазаққа да жат емес

Қазақстан • Бүгін, 08:00

Ұқсас жаңалықтар