Күрес • 25 Қазан, 2018

Қазақстандық грек-рим күресі шеберлерінің қарсыластары анықталды

325 реткөрсетілді

Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресі шеберлері боз кілемге бүгін шығатыны жайында біз бұған дейін де хабарлағанбыз. Міне, енді өздерінің тұсаукесер кездесулерінде жерлестеріміздің кімдермен күш сынасатыны белгілі болды. 

55 кило салмақтағы Жансерік Сәрсенбиев алғашқы белдесуін Мұстафа Сұлтан Алкуадеге қарсы өткізеді. Иордания өкілі күні бүгінге дейін ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға жете қойған жоқ. Сол себепті де Жансерік бұл  ежеден еш қиналмай өтуге тиіс. Қандасымыз Алкуадені жеңген жағдайда 1/8 финалда биыл Азия чемпионатында алдына жан салмаған жапониялық Шота Танокурамен жолығады.  

63 кило салмақтағы Айдын Нұғыманов Ленур Теміровпен күреседі. Өзбекстанда туып-өсіп, кейіннен Украинаға қоныс аударған айтулы балуанның жастар арасындағы әлем мен Еуропа біріншіліктерінің жүлдегері және өз елінің үш дүркін чемпионы деген атақатры бар. Осы тартыста бағы жанған балуан 1/8 финалда Болгарияның беткеұстары Никола Вичевпен шеберлік байқасады.

72 кило салмақ дәрежесіндегі Демеу Жадыраевқа жарысты бірден 1/8 финалдан бастайды. Әлем және Азия чемпионаттарында жеңіс тұғырына көтерілген қазақтың белді балуаны өзбекстандық Арам Варданян мен украианлық Парвиз Насибов арасындағы кездесудің жеңімпазымен айқасады.

Ал 72 кило салмақтағы Азия чемпионы және сол жарыста төрт рет жүлде алған Мақсат Ережепов чехиялық Петр Новакпен күш сынасады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Алматы еліміздің мәдени орталығы

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Жаңаөзенде «Баста» форумы өтті

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Алғашқы күні жүлде бұйырмады

Спорт • 18 Қазан, 2019

«Алтын бутса» иесі атанды

Спорт • 18 Қазан, 2019

Тағы овертаймда ұтылды

Хоккей • 18 Қазан, 2019

Жәнияның жұлдызы жарқырады

Руханият • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар