Аймақтар • 25 Қазан, 2018

Павлодарда сотқа дейін және сотта татуластыру рәсімдерін дамыту мәселелері талқыланды

214 реткөрсетілді

ҚР Жоғарғы Сотының «Татуластыру: сотқа дейін, сотта» жобасын жүзеге асыру шеңберінде өткен «дөңгелек үстел» жұмысында судьялар, сот жүйесінің ардагерлері, медиаторлар, «Атамекен» кәсіпкерлердің палатасының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Шақырылғандар қатарында зиялы қауым мен облыстың құрметті азаматтары болды.

Кездесуде облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мұратғали Әкетай Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асановтың сот процесінің ұзақтығы мен қымбатқа түсетіндігі, сондықтан татуласудың ұтымды тәсіл екендігі, бұған әрбір судья мүдделі болуы керектігі жөнінде айтқан сөзін еске салды. «Адамдардың соттан бөлек дауларды шешетін баламалы алаңдары болуы керек. Татуластыру рәсімдерін кеңінен дамытуға халықтың бұл институт жайында ақпаратты толық білмеуі кедергі болып отыр», - деді ол.

М. Әкетайдың айтуынша, 2018 жылдың 9 айында сотқа дейінгі тәртіпте медиаторлардың қатысуымен азаматтық істер бойынша 951 дау мен жанжал, 1727 қылмыстық іс сотқа дейінгі татуластыру арқылы реттелген. Бекітілген меморандум аясында Кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде кәсіпкерлер үшін «Медиатор бұрышы» ашылғандығы айтылды. Мұнда медиаторлар кезекшілік етіп, заңды тұлғалар арасында татуластырудың артықшылықтарын тегін түсіндіреді. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Павлодарда кәсіби емес медиаторлардың 1-республикалық форумы өткізілді.   

«Бірлесе даму» әлеуметтік кәсіркерлікті дамыту қорының  президенті Нұргүл Қарағойшина және Жоғарғы Сот Төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен «Татуластыру: сотқа дейін, сотта» жобасының негізгі аспектілері жөнінде хабарлады.

Іс-шара барысында қатысушылар медиацияның дамуы жөнінде оң пікірлерін білдіріп, оны насихаттауға өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу соңында қоғамда даулардың санын азайту бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар