Үкімет • 25 Қазан, 2018

Б.Сағынтаев Г.Формен балалар құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

230 реткөрсетілді

Бүгін Астанада Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференция алаңында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ЮНИСЕФ атқарушы директоры Генриетта Формен кездесу өткізді.

Кездесу барысында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде негіз болатын халықаралық келісімдерді, орнықты даму мақсаттары және әйелдер мен қыздардың құқықтарын кеңейту бойынша гендерлік теңдік күн тәртібін іске асыру, сондай-ақ ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің жүйелі бағдарламаларын орындау мәселелері талқыланды.

Бақытжан Сағынтаев ЮНИСЕФ-ке балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінде қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, Қазақстан Үкіметінің халықаралық және өңірлік бастамаларды қалыптастыруға өз үлесін қосуға әзір екенін жеткізді.

Бұдан өзге, өзара іс-қимылды жалғастыру келешегіне назар аударылды. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев келесі жылды «Қазақстан жастарының жылы» деп жариялады. Осыған орай, Үкімет алдында тұрған міндеттердің бірі — халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес сектор, зерттеу және академиялық топтар, халықтың әлсіз топтарының құқықтарына ерекше көңіл бөле отырып балалар құқықтарын қорғау жөніндегі құқық қорғау ұйымдары түріндегі серіктестеріне қолдау көрсету.   

(United Nations International Children’s Emergency Fund) Балалардың халықаралық төтенше балалар қоры деп аталатын қор 1946 жылғы 11 желтоқсанда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде зардап шеккен балаларға көмектесетін төтенше ұйым ретінде Бас Ассамблеяның шешімімен құрылған. Қор уақытша құрылған еді, алайда 1953 жылы БҰҰ қызмет аясын кеңейтіп, өкілеттік мерзімін шексіз уақытқа ұзартты.

1992 жылғы ақпанда БҰҰ Балалар қоры мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балалардың жағдайын бағалау үшін тәуелсіз Қазақстанға алғашқы миссиясын ұйымдастырды. Бұл миссия ЮНИСЕФ-тің Қазақстанда қызметін бастауына негіз болды. 1994 жылы Қазақстанда ЮНИСЕФ Өкілдігі ашылғаннан кейін, ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ жүйелі бағдарламалары бойынша жұмыстар басталды.

1994 жылғы ақпанда АҚШ-қа ресми сапары аясында ҚР Президенті Н. Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Б. Бутрос-Галимен кездесті, бұл кезде 1994 жылы ҚР Үкіметі ратификациялаған алғашқы халықаралық келісім болған Балалар құқықтары туралы конвенцияға қол қойылды.

2016 жылғы қазанда Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ Балалар қорының 2016–2020 жылдарға арналған операцияларының негізгі жоспарына қол қойылды.

Биыл Қор ҚР Үкіметімен ювеналды заңды дамытуға, балаларға мейірімді әділ сот жүйесін қалыптастыруға, балаларға арналған заңмен байланысқан әлеуметтік қызметтер жүйесін енгізуге, балалардың статусына қарамастан, оларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды елімізде іске асыру арқылы белсенді ынтымақтастықты жалғастырды. Сонымен қатар бұл жобалар барлық деңгейде балалардың әл-ауқатына мониторинг жүйесін енгізуге, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жақсарту және өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуға көмек көрсету жүйесін енгізуге, Қазақстандағы балалардың жаңа немесе назардан тыс қалған мәселелерін анықтау үшін зерттеулер және жағдайлық талдауды жүргізуге, балаларды қоса алғанда әлеуметтік жағынан әлсіз топтармен әлеуметтік жұмысты кеңейтуге және тереңдетуге бағытталған.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар