Парламент • 25 Қазан, 2018

Мәжіліс депутаттары Алматыдағы экспортқа бағытталған кәсіпорын жұмысымен танысты

215 реткөрсетілді

Алматыда Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева және  Мәжіліс депутаттары Гүлнар Исканова мен Ольга Шишигина Елбасы Жолдауында айтылған «Инновациялық және сервистік секторларды дамыту» бағыты бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «ЭФКО АЛМАТЫ» зауытына барды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі. 

«ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС Республика аумағындағы ірі май кәсіпорындарының бірі және «ЭФКО» Компаниясының Халықаралық Тобына кіреді.

Кәсіпорын ұжымымен кездесу барысында Гүлмира Исимбаева компанияның бәсекеге қабілетті өнім шығару және оны сыртқы нарыққа жеткізу бойынша жетістіктерін атап өтті.

- Елбасы өз Жолдауында басқа әлемдік өндірушілермен бәсекеге қабілетті болатын және өз өнімдерін экспорттауға қабілетті компаниялар туралы айтқан болатын. Сондықтан Мемлекет Басшысының қазақстандық өндірушілерді қолдауға бағытталған «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартуы өте маңызды. Келесі жылы оны жүзеге асыру үшін 50 млрд. теңге бөлу көзделген, - деді Гүлмира Исимбаева.

Өндірісті жаңғыртудың және соңғы бірнеше ай ішінде ендірілген жаңа технологиялардың арқасында кәсіпорын жергілікті шикізатты терең өңдеу негізінде жоғары сапалы май өнімін шығаруды ретке келтіре алды. Компания республиканың ішкі қажеттілігін қамтамасыз етумен қатар, отандық өнімді экспортқа шығара бастады. Күрделі микроэкономикалық жағдайға қарамастан, ҚР Үкіметінің қолдауымен өндіріс пен экспорт көлемін арттыруды жоспарлап, ол Қазақстанға 2025 жылдарға қарай Орталық және Орта Азиядағы май өнімінің негізгі жеткізушісі болуына ықпал етпек.

Сапар аясында депутаттар «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-на барды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Бүгін, 12:13

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені

Руханият • Бүгін, 11:14

Екі қола медаль еншіледі

Бокс • Бүгін, 09:57

«Барыстың» қарқыны қатты

Хоккей • Бүгін, 09:52

Кипрді де жеңе алмадық...

Футбол • Бүгін, 09:51

«Қара алтынды» қапысыз ағызған

Қазақстан • Бүгін, 09:44

Қыз әулие

Руханият • Бүгін, 09:34

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Бүгін, 09:28

Екіжақты келісімге қол қойылды

Қазақстан • Бүгін, 09:26

Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя

Қазақстан • Бүгін, 09:10

Жамбылдықтардың жарқын жобасы

Аймақтар • Бүгін, 08:36

Түгел түркіні түгендеген

Әлем • Бүгін, 08:20

Кей өңірлерде ауа райы өзгереді

Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы

Руханият • 12 Қазан, 2019

Сенаторлар сенбілікке шықты

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар