Саясат • 25 Қазан, 2018

Мемлекеттік қызмет істері агенттік өкілдері Шетпе ауданына келді

494 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекеттік қызмет істері агенттік өкілдері Шетпе ауданына келді

Бүгін қара шаңырақ Маңғыстау ауданының орталығы Шетпеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Республикалық арнайы моинторинг тобының мүшелері келді. Мақсат – Елбасы Жолдауын ауылдықтар мен мемлекеттік қызметкерлер арасында кеңінен насиахтату және де  жемқорлықты алдын алу түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Құрамында ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры  Арман Тілектесұлы Бердалин, қоғам қайраткері, «Алтын орда» компаниясының басшысы   Ырза Тұрсынзадақызы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент директорының орынбасары  Қайрат Маңғыбаевтар және  топ мүшелері алдымен аудан активімен кездесті.

 Кездесуді аудан әкімі Ж.Айтуаров  ашып жүргізді. Бұдан соң А.Бердалин сөз алып : «Кезкелген мемлекеттік қызметкер өзінің әдеп этикасын сақтау тиіс. Сөйлеген сөзі мен істеген ісіне жауап беруі керек. Елбасы өткен жылғы жолдауда елімізде мемлекеттік аппараттың біліктілігін ерекше тоқталған ды. Сондықтан мемлекеттік қызметшінің төл міндеті ол халыққыа адал  қызмет ету. Биылғы жылдың өзінде елеміз бойынша  1500 ден астам сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген. 100 млрдатан астам ақша бюджетке қайтарылды. Міне біздің жұмысымыздың жемісі осында жатыр.» деді.

Осындай жиын түстен кейін Шетпедегі  Маңғыстау техникалық колледжінің студенттері мен ұстаздарымен алқалы жиында жалғасты.

Бұл кездесудеЫрза Тұрсынзадақызы сөз алып Жастарға патриоттық рухта әңгіме өрісін кеңейтті. «Жастар елдің ертеңі сізджер елдің тұтқасын ұстаған соң сіздерге деген мол сенім артуда. Сізхдер рухани жағынан бай болуға тиіссіңдер» дегене жігерлі сөздерін арнады.

Топ мүшелері одан әрі Шетпед салынған №7 мектеп лицейінде болды.

Аллаберген Қонарбаев,

Маңғыстау ауданы