- Бұл айтыстың ерекшелігі, еліміздегі ең жүйрік деген ақындардың біразы қатысты, - дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман. –Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығын кестелі сөзбен көркемдеді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған айтысқа халық әртісі, мемлекеттік сыйлық иегері, Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы төрелік жасады. Жыр аламанының бас жүлдесіне белгіленген 2 млн теңгені батысқазақстандық Жансая Мусина жеңіп алды.
Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ