Аймақтар • 29 Қазан, 2018

Солтүстік Қазақстан аграршылары «ASTANA AGRO FORUM» номинациясының жеңімпазы атанды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада өткен агроөнеркәсіп кешенінің дамуына арналған «ASTANA AGRO FORUM -2018» республикалық форумында Премьер-министрдің орынбасары Өмірзақ Шүкеев 8 номинация бойынша ең үздіктерді марапаттады.

Солтүстік Қазақстан аграршылары  «ASTANA AGRO FORUM» номинациясының жеңімпазы атанды

Олардың  екеуі –Қызылжар өңірінің өкілдері. Агрофорумда Елбасының тапсырмасына орай еңбек өнімділігін арттыру және ауыл шаруашылығының қайта өңделген өнімдерінің экспортын ұлғайту мәселелері қаралды. Оған үлгілі шаруашылықтар шақырылды. Облыс аумағында жұмыс істейтін «Атамекен-Агро» ЖШС-і цифрландырудың озық технологияларын кеңінен қолданып келеді. Нәтижесінде серіктестікте еңбек өнімділігі соңғы 4 жылда 2 есе артты. Осындай жоғары жетістіктері үшін «АӨК-тегі цифрландырудың  көшбасшысы» номинациясына лайық деп танылды.

Тағы бір бас жүлде білікті диқан Сейілбек Махметовке тапсырылды. Айыртау ауданындағы «Бабық-Бұрлық» серіктестігі «АӨК өнімі өндірісінің рекордшысы» атағына ие болды. Биыл мұнда жекелеген танаптарда бидайдың рекордтық көрсеткіші жаңартылып, гектар берекелігі 62,5 центнерден айналды. Шаруашылық бойынша орташа өнімділік  40 центнерді құрады.

«Бабық-Бұрлықтың» басшысы Сейiлбек Махметов– облыстағы  үлгi тұтарлық азаматтардың бірі. Төменгi бұрлық ауылында тұрғындарға барлық жағдай жасалған. Орташа еңбекақы– 141 мың теңге. Үйлерге орталықтандырылған жылыту жүйесi тартылған . Келесi жылы жұмысшыларға арнап  баспаналар салынады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар