Кино • 29 Қазан, 2018

Алматыда Түрік фильмдерінің апталығы өтеді

352 реткөрсетілді

Түркия Республикасы Мәдениет және Туризм министрлігінің және Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен Ұлттық ой-пікір қауымдастығының ұйымдастыруымен «4-ші Түрік Фильмдері Апталығы - Алматы» іс-шарасы 2018 жылдың 29 қазаны мен 2 қарашасы аралығында Алматы қаласында өтеді.

Биылғы жылы өтетін «4-ші Түрік Фильмдері Апталығы - Алматы» фестивалі 2018 жылы 30 қазанда Мұрат Шекердің «Біздің мереке» ("Görevimiz Tatil") фильмімен ашылады. Көптеген фильмдер мен сериялдардың ойыншылары және режиссерлердің қатысуымен өтетін фильм аптасына, Түркиядан Президент бас кеңесшісі және Ұлттық ой-пікір қауымдастығының құрметті төрағасы Ялчын Топчу, Ақ партия депутаты және Ұлттық ой-пікір қауымдастығының төрағасы Метин Гюндогду, Президент аппаратының маманы Фатих Топакташ, сондай-ақ «Ертугрул. Қайта тірілу» сериясының актерлары Сезгин Ердемир, Дидем Балчын, «Біздің мереке» ("Görevimiz Tatil") фильмнің режиссері Мұрат Шекер, Бешикташ мәдени орталығының (BKM) фильм үйлестірушісі Фырат Сезгин, Кинематографистердің кәсіби қауымдастығы (FİYAP) Бас хатшысы Ахмет Эдебали және Түрік Фильмдері Апталығының бас үйлестірушісі Онер Кылыч қатысады.

Бір аптаға созылатын іс-шарада «Біздің мереке» ("Görevimiz Tatil"), «Ашты, Тәтті, Қышқыл» (Acı Tatlı Ekşi), «Тұмар және Махаббат Құпиясы» (Muska ve Aşkın Sırrı), «Сомунджу Баба» (Somuncu Baba) фильмдері «Арман кинотеатрында» тегін көрсетілетін болады. Сондай-ақ осы аптада фильм көрсетілімдерінен кейін әртістер мен көрермендер арасында кездесулер өткізіледі. Түркиядан келген режиссерлер, актерлер және продюссерлер мен қазақ кино әртістері арасында кездесу өтіп, ортақ өндірістер туралы екіжақты келіссөздер мен талқылаулар өтетін болады. Сонымен қатар Т.Қ. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында әртістер-студенттер кездесулері мен сұхбаттары өтетін болады.

«4-ші Түрік Фильмдері Апталығы - Алматы» іс-шарасына Zugo Textile, Altınyıldız Classics, Atiker Auto Gas Systems, Alatau Construction Services, Тем-Тур және Алматы қонақ үйі қолдау көрсетеді.

 

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Алматы еліміздің мәдени орталығы

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Жаңаөзенде «Баста» форумы өтті

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Алғашқы күні жүлде бұйырмады

Спорт • 18 Қазан, 2019

«Алтын бутса» иесі атанды

Спорт • 18 Қазан, 2019

Тағы овертаймда ұтылды

Хоккей • 18 Қазан, 2019

Жәнияның жұлдызы жарқырады

Руханият • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар