Сенбі күні кешке «Кингс Пауэр» стадионының маңында құлаған тікұшақ бортында клуб иесінен басқа тағы 4 адамның қаза тапқаны расталды. Борттағы бес адамның ешқайсысы аман қалған жоқ.
Қайғылы оқиға «Вест Хэм Юнайтедпен» кездесуден кейін Лестердегі стадион жанында болған. Тікұшақта барлығы бес адам болған, оның ішінде бизнесменнің әйелі мен қызы да бар.
Тікұшақ стадионның аумағынан матч аяқталғаннан кейін бір сағат өткен соң ұшып кеткен, куәгерлердің айтуынша, тікұшақ ұшқан бойда жылдамдығын жоғалтып, автокөлік тұрағының жанында құлап, өртенген. Өртті сөндіру үшін 20 минут кеткен.