Қатысушылар елде және әлемде болып жатқан маңызды оқиғаларды әдемі әзілмен астарлап жеткізуге тырысты. Сондай-ақ, қоғамдағы мемлекеттік тіл проблемасын қалжыңмен шебер көтере білді.
Шараға қатысты Қазақстан КВН одағы республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен:
– Бұл шара компанияның мемлекеттік тілге деген құрметін, жастар арасындағы, компаниядағы қызметкерлердің бір-бірімен емен-жарқын байланысын көрсетеді деген ойдамын. Өте жақсы идея, жақсы іс-шара. Ұзағынан болғай,– деген пікір білдірді.
Компания қызметкерлерінің айтуынша, бұндай ортақ шара әріптестер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға септігін тигізеді.
«Энергоинформ» АҚ қызметкері Нұрлан Құнафин:
– Бұл шара, біріншіден, ұжымдық рухты көтереді. Екіншіден, компаниядағы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын, мәртебесін көтереді. Биыл 9 филиалдан 9 команда қатысты, өте қызықты шара болды,– дейді.
Байқау қорытындысы бойынша Алматы қаласынан келген «APORT KEGOC» командасы бас жүлдені жеңіп атанды. Жүлделі бірінші орын «НҰР ЭНЕРГОИНФОРМ» ойыншыларына бұйырса, екінші орынды «Шығыс ЖЭТ» филиалы, ал үшінші орынды «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының ойыншылары иеленді. Жеңімпаз команда мен жүлдегерлер компания тарапынан сый-сияпаттарға ие болды.
Еркежан АЙТҚАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»