Индонезиялық Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ол Ява аралының батыс жағалауындағы теңізге құлап кетті.
Индонезиялық БАҚ бортта 188 жолаушы және экипаж мүшелері, оның ішінде 178 - ересек адам, үшеуі бала болғанын мәлімдеген еді.
Іздестіру және құтқару жөніндегі ұлттық агенттік өкілдерінің мәліметінше, Boeing 737-MAX 8 лайнері «Джакарта – Панкалпинанг» бағытындағы Джакарта әуежайынан ұшып шыққаннан кейін шамамен 13 минут өткен соң апатқа ұшырады. Осыдан кейін бірден іздеу операциясы басталды.
Ұшу уақыты тек бір сағатқа жалғасуы керек еді және Flightradar 24 сайты хабарлағандай, ұшақ 1.500 метр биіктікті алғаннан кейін, белгісіз себептермен күрт төмендеп, теңізге құлап кетті.