Қазақстан • 30 Қазан, 2018

Батыс Қазақстан облысы кәсіпорындарында жалақы көтерілді

320 реткөрсетілді

Батыс Қазақстан облысындағы бірқатар ірі кәсіпорын басшылары ең төменгі жалақы алатын қызметкерлерінің жалақысын өсіру туралы шешім қабылдады. Бұл Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында айтылған тапсырмамен тікелей байланысты.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов өңірдегі ірі кәсіпорын басшыларымен кездесуі кезінде компания басшылары Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын жеткізіп, ең төменгі жалақы алатын қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Олардың ішінде «Зенит», «Орал трансформатор зауыты», «Гидроприбор», «Уральскагрореммаш», «Конденсат», «Стройкомбинат», «Желаев нан өнімдері комбинаты, «УПТК», «Квант» ЖШС, «Белес-агро», «Зениттехсервис», «Жайықагро-ЛТД», Орал кірпіш зауыты, Орал механикалық зауыт және т.б. ірі кәсіпорындар бар.

Бұл кәсіпорындарда жалақы ғана өсіп қоймайды. Компания басшылары жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, адами капиталды дамыту бойынша инвестиция құюға ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. 

- Біз әрқашан мемлекеттің қолдауын көріп келеміз. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары арқасында тұрақты тапсырыс бар. Бүгінде біздің ұжымда 400-ден астам жұмысшы қызмет етеді. Біз Елбасы бастамасын толық қолдаймыз және ең төменгі жалақы алатын жұмысшыларға тағы 10-15% көтеру туралы шешім қабылдадық, - деді Орал кірпіш зауытының директоры Мұхамеджан Кенжеғұлов.

Орал трансформатор зауытында да 250-ден астам адам үш ауысымда қызмет етеді. Мұнда орташа жалақы 170-180 теңге шамасында. Кәсіпорын тауары негізінен экспортқа бағытталған. Зауыт директоры Ақжол Сауранбаев ең аз жалақы алатын қызметкерлерінің айлығын қазіргі 70 мың теңгеден 10-15 пайызға көтеруге шешім қабылданғанын хабарлады. «Біздің зауытта 100 студент дуалды білім жүйесімен қамтылған. Өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, бұл өз кезегінде жалақының өсуіне септігін тигізеді», - дейді трансформатор зауытының директоры. Айта кетейік, зауыт өнімінің 95%-ы экспортқа, ТМД елдеріне шығарылады. Директордың айтуынша, жаңа жылда зауытта жаңа цех ашылып, 110 адамға жұмыс орны пайда болмақ. Кәсіпорын биыл жыл соңына дейін 7 мың, келер жылы 12 мың трансформатор шығаруды көздеп отыр екен.

- Зауыт басшылығы жастарды қолдау бағытында әлеуметтік міндеттеме қабылдап, жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Мысалы, зауытта қызмет ететін қыз бен жігіт үйленетін болса, оларға 500 мың теңге көтерме сыйақы береміз. Ал зауыт қызметкерінің отбасында дүниеге келген сәби үшін осы кезге дейін 150 мың теңге қаржылай қолдау көрсететінбіз. Енді оның мөлшерін 250 мың теңгеге көтердік. Жалпы, біздің зауыт ұжымының орташа жасы – 28. Сондықтан да жоғарыда айтылған қолдау-көмек әрбір қызметкеріміз үшін маңызды деп ойлаймыз, - дейді Ақжол Сауранбаев.

Өңірдегі ірі кәсіпорынның бірі – «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ ұжымында 560 адам еңбек етеді. Олардың орташа айлық жалақысы - 95 мың теңге шамасында. АҚ директоры Эдуард Федорченко алдағы 2019 жылды күтпей-ақ табысы ең төмен жұмысшылардың жалақысын 10%-ға көтеруге шешім қабылданғанын хабарлады. Қазір комбинаттағы ең төменгі жалақы мөлшері - 50 мың теңге. Оны 26 адам алады.

Қорғаныс саласы мен шекара күзетінің тапсырыстарын орындап жүрген белгілі оралдық «Зенит» зауытында 822 адам қызмет етеді, олардың бүгінгі орташа айлығы 125 мың теңге. «Дегенмен, біздің ұжымда 29 адам ең аз жалақы – айына 51 мың теңге алады. Біз 2019 жылдың басынан зауыт барлық ұжымына 10 пайыз өсіреміз, ал ең аз жалақы мөлшері 57 мың болмақ. Әрине, мемлекет тарапынан тапсырыс болса, әлі де көтеруге мүмкіндік бар, - дейді «Зенит» зауытының бас директоры Вячеслав Валиев.

«Ең төменгі айлық мөлшерін өсіру» деп аталатын жаңа бастаманың нәтижесінде батысқазақстандық кәсіпорындардың 1500-ден астам жұмысшысы енді айына 65-70 мыңға дейін ұлғаяды деп күтілуде.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар