Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, Ғылыми-сарапшылық кеңес пен этномәдени бірлестіктердің мүшелері, дипломатиялық корпустардың, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері, Назарбаев университеттің профессорлары, өңірлік ҚХА ғылыми-сарапшылық топтары мен кафедраларының мүшелері, жоғары оқу орындарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысуда.
Отырыстың мақсаты – Орталық Азия аймағындағы этноәлеуметтік заманауи үдерістері туралы пікір алмасу; қоғамдық сананың жаңғыру жағдайындағы этномәдени диалогтың дамуының өзекті трендтерін анықтау.
Отырыс жұмысының негізгі бағыттары: мемлекеттік-азаматтық, өңірлік және этникалық бірегейлікті қалыптастыру үрдістерін жаңғырту; жаңа әлеуметтік жағдайдың факторларын талдау; этнодемографиялық үрдістердің өзекті мәселелері; мигранттардың бейімделуі мен бірігу мәселелері; жастар этномәдени диалогта; Орталық Азия елдері байланыстарының келешегі; Орталық Азияның тұрақты және бейбіт даму мәселелері; АСЕМ "People to people" (Азия-Еуропа форумы) бастамасын іске асырудағы ҚХА рөлін талқылау.
Іс-шара модераторы - ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысы, ҚХА ҒСК төрайымы, әлеуметтік ғылымдарының докторы А.Сәдуақасова.