Білім • 30 Қазан, 2018

Мектеп бизнесі -  оқушыларды кәсіпке баулиды

289 реткөрсетілді

British Council және «Шеврон»  компаниясының бірлесе ұйымдастыруымен «I-SEED: инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік жіне білім» жобасы аясында Жасөспірімдерге арналған «i-MAP»  бизнес-мектебінің, «Атамекен» ҰКП «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің қолдауымен Алматыдағы Оқушылар сарайында мектеп-фестивалі өтті.

Шараның мақсаты мектеп оқушылары арасында кәсіпкерлікті дәріптеу, кәсіпкерлік және бизнеске идеяларды дамыту дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Фестивальге қатысушылар «i-MAP»  бизнес-мектебінде тегін білім алып, SMM, 4P маркетингін, нақты мақсат қою, уақытты тиімді пайдалану дағдыларын игерді.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі мен 26 қазан аралығында өткен байқауға 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты. Байқауға 102 өтініш түсіп, олардың арасынан 10 үздік жоба іріктеліп алынды. Оқушылардың жобалары British Council «Шеврон», «ВeelineKazakhstan» компаниясы, Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қоры, Алматы қаласы білім басқармасы мамандары тарапынан қолдау тапты.

Фестивальге ұсынылған жобалар ішінен үздік жұмыстар ісіртеліп, жеңімпаздар анықталды: Ыммен түсіндіру қосымшасы жобасы бойынша  Елтай Ади, Медеу Бектемісов, Демеу Атымтаев, үйді дауыспен басқару жобасы бойынша Жан Аубакиров, Александр Лим,  Ескендір Асанқұл, нашар көретін азаматтарға арналған таяқ жасап шығару жобасы бойынша  Малика Асылбекова жеңімпаз деп танылды. Қоғамдық маңызы бар жобаларды  дамыту қоры ең үздік экологиялық жобаға –№92 Мхатма Ганди атындағы лицей оқушыларына, Айғаным Уақыт және Мира Дәулетоваға Алматыдағы судың сапасын зерттеу бойынша жобасына 300 мың теңге сыйлық ұсынды.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 2

Руханият • Кеше

Баянғали туралы баян

Руханият • Кеше

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар