Менің пікірімше, әрбір азаматтың көңіл күйіне өз мемлекетінің жетістігі оң әсерін тигізеді. Сондықтан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы 5 қазандағы Жолдауында көтерілген мәселелерді қазақстандықтар психологиялық тұрғыда жылы қабылдады деп ойлаймын.
Жалпы, мемлекеттің қолдауын жақсы сезіне білген адам соған лайықты жауап беруге тырысады. Бұл билік пен халықтың арасындағы жақсы үйлесімділікті туындатады. Осы орайда Қазақстан Президентінің жүйелі жоспарланған, тыңғылықты зерделенген бастамалары, оңтайлы қабылдаған шешімдері барша қазақстандықтарды бүгінгі өзгермелі әлемде қауіпсіз, жайлы сезінуін қамтамасыз етіп отыр.
Мен қоғамдық сананы модернизациялау үдерісінің бөлігі ретінде, ең маңызды болып саналатын бірнеше тармақты атап өткім келеді: мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, мұғалімдердің еңбек қатынастары мен жағдайларын жақсарту, жоғары білім беру сапасын бақылау.
Тағы бір айта кетер жайт, ел болашағы – жастар. Сондықтан табысты, нәтижелі жұмыс істеулері үшін оларға барынша жақсы жағдай жасалуы тиіс. Бұл мәселеге де Жолдауда басымдық берілген. Мемлекет басшысының 2019 жылды «Жастар» жылы деп жариялауы көңілге жылылық ұялатпай қоймайды.
Ирина ВАГНЕР,
Росарио қаласындағы (Аргентина) Қазақстан Мәдениет орталығының директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының елшісі