Қазақстан • 31 Қазан, 2018

Павлодар облыстық ішкі істер департаментінде 300 жұмыс орны бос тұр

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Амантай Әубәкіровтің айтуынша, полицейлерді үлкен сынақ күтіп тұр.  2019 жылы полицияның барлық қызметкерлері аттестациядан өтеді. Құқық қорғау органдарының қатарында сынақтан өткендер полицейлер қызмет жасамақ.

Павлодар облыстық ішкі істер департаментінде 300 жұмыс орны бос тұр

Реформа өзгерістеріне сай, департментте  жұмыс орындарының қысқаруы да мүмкін. Қазіргі кезде   бос  тұрған 300 жұмыс орындарына орналастыру  да қарастырылуда.  Облысқа 40 учаскелік полиция инспекторы қажет. Департменттің мәліметінше, қалалар мен аудандардағы полиция бөлім-шелерінде фронт-офистер ашылу жоспарлануда. Өңірде миграциялық  миграциялық полицияға тиесілі ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, қажетті құрал-жабдықтар алып, миграциялық орталық ашу  қажет.

Өңірдегі 111 учаскелік полиция бөлімшелері өз деңгейлерінде  сай жұмыс  жасау үшін компьютерлермен  қамтамасыз етіліп, күрделі жөндеу жұмыстарын күтуде.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20