![Қауіпсіздікті нығайту бағытындағы қадам](/article_photo/1541046101_article_b.jpeg)
Отырысқа қатысушылар Орталық Азия аймағында әскери қауіпсіздіктің қауіп-қатерлерінің сипаты, сондай-ақ оларға қарсы іс-қимыл бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия өңірінде әуе шабуылына қарсы қорғанысты ұйымдастыру, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздігінің күштері және жүйе құралдарының тапсырмаларды орындауын қамтамасыз ету үшін материалдық құралдар қорын жасақтау, тәжік-ауған шекарасында шиеленісті азайтуға бағытталған шаралар әзірлеу туралы әрі қарайғы жұмыстың бағыттары айқындалды.
– Ұсынымдарды әзірлей отырып, ұжымдық қауіпсіздіктің өңірлердегі әскери-саяси жағдайдың мониторингі мен талдауы жалғастырылатын болады. 2020 жылға дейінгі кезеңге Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери ынтымақтастығын дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат тыңдалды. Қарастырылған мәселелер біз үшін басты мақсат – Ұйымға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайтуға негіз болады. Әскери комитеттің кезекті отырысы 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Қырғыз Республикасында өтеді, – деді Әскери комитет төрағасы, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.
Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бірқатар уағдаластыққа қол жеткізілді.
Серік ӘБДІБЕК,
«Егемен Қазақстан»