Қазақстан • 01 Қараша, 2018

Қызылорда облысындағы жол құрылысына 23 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында соңғы жылдары жол құрылысын дамытуға 23 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Қызылорда облысындағы жол құрылысына 23 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Осы қаржыға 500 шақырымнан астам жолдар орташа, күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан өтті. Қаланың шет аймақтарынан 37 көше жөнделді. Сондай-ақ 1 млрд. 550 млн. теңге қаражатқа 150 шақырымды құрайтын 39 көшеге жаяу жүргіншілер жолдары салынды. 1 млрд. 357 млн. теңгеге 144 шақырымдық 94 көшеге жарық бағаналары орнатылды. 72 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаішілік жолдары мен автотұрақтары жөнделді.

Әлемдегі мықты мемлекеттердің экономикалық жағдайы оның автожолдарынан да жақсы танылады. Мәселен, Германияда сонау екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында салынған жолдар әлі күнге дейін мұрты бұзылмай, халыққа қызмет етіп келеді. Бұрындары жол салса жыл аралатып, қайта-қайта жөндеуден өткізетін мемлекетіміз де халықаралық автобан салуға маманданып қалды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ