Қазақстан • 02 Қараша, 2018

Астанада «Достық – бірлік нышаны» атты фестиваль өтті

572 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанадағы Оқушылар сарайында «Достық – бірлік нышаны» атты фестиваль өтті. Фестивальда 20-дан астам этномәдени бірлестіктің шығармашылық жастар ұйымдары өнер көрсетті. Этносаралық ынтымақтастық пен бірлікті дәріптеуге және насихаттауға арналған шара жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Астанада «Достық – бірлік нышаны» атты фестиваль өтті

Астана қаласы әкімдігі­нің ұйыт­қы болуымен өткізіл­­ген фес­тиваль­дың мақсаты − жас­тар арасын­дағы этнос­ара­­лық ынтымақ­тас­тықты дамыту мен олардың шығар­ма­шы­лық қабілеттерін арттыру. 

Жыл бойы қала әкім­дігі­нің ұйым­­дастыруымен жастарға бағыт­­тал­ған көп­теген іс-шара ұйым­дас­­тыры­лады. Қаламыздағы 20-дан астам этномәдени бірлес­тік­­тің жастары барлық шара­да бел­сен­ділік танытады. Осы бағыт­­тағы шаралар – елі­міздегі бар­лық ұлт өкіл­дерінің ырыс-ынты­мағы мен берік достығының бел­гісі, – деді Қоғамдық даму істері бас­қар­масының жастармен жұмыс бөлім­інің басшысы Бақытжан Жүнісбеков. 

Фестивальдың шымыл­дығын «Бастау» домбырашылар дуэті түрді. Қала­ның студент жастары мен этно­мәдени бірлестіктері­нің көшбасшылары қатыс­қан фестиваль аясында жыл­дық жұмыс қорытындысы шығарылып, үздік этномәдени бірлестіктер естелік сыйлық­тармен марапатталды.

Жыл сайын ұйымдас­тырылатын «Жастар жалыны», «Елорда дарыны» сияқты фестивальдар жас­тардың жігерленіп, жасам­паздық­қа ұмтылуына бірден-бір себеп. Қоғамдық даму істері бас­қар­масының жастармен жұмыс бөлімі­нің басшысы Бақытжан Жүніс­бековтің айтуынша, «Жастар жылында» жағымды жаңалықтар көп болмақ. «Күні кеше Астана жас­тарының «Jastar jalyny» форумы өтті. Аталған шараға 1000-ға жуық өрен қатысты. Форумның нә­ти­жесінде бізге көптеген ұсыныс­­тар мен жобалар келіп түсті. Енді сол бастамаларды жинақ­тап, келе­сі «Жастар жылына» орай ауқым­ды бағдар­ламалар мен шаралар кеше­нін дайындайтын боламыз», деді.

30 қазан күні Астана жас­тарын бизнес бағытында ынталандыру және қолдау мақсатында «Jastar jalyny» форумы өтті. 8-ші рет ұйымдас­тырылған шараға 20 спикер жастармен ой бөлісті.

Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»