Спорт • 02 Қараша, 2018

Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды

Келесі жылы шағын футболдан 21 жасқа дейінгі жастар арасында Еуропа біріншілігінің жалауы желбірейді.

Кеше Швейцарияның Ньон қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылғалы отырған айтулы жарыстың жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасы Польша, Франция және Финляндиямен бірге 1 топта өнер көрсететін болды. Бұл бәсекелер 26-31 наурыз аралығында Суоми елінде өтеді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»