Спорт • 02 Қараша, 2018

Какау баптаған Кувейт құрамасы күміс алды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Хорватияның Пореч қаласында өткен халықаралық турнирде Какау баптаған Кувейттің ұлттық құрамасы күміс медальді иеленді.

Какау баптаған Кувейт құрамасы күміс алды

Кувейт құрамасы жайында біз бекер әңгімелеп отырған жоқпыз. Қазіргі кезде осы команданың тізгінін ұстаған бразилиялық маман кезінде жерлестерімізді де жаттықтырды. 2013-2018 жылдар аралығында Какаудың жетекшілігімен Алматының «Қайраты» УЕФА кубогын екі мәрте олжалап, басқа да халықаралық турнирлерде талай мәрте топ жарды. Қазақстанның ұлттық құрамасы Еуропа біріншілігінде қола медальді олжалап, әлемдік доп додасында өнер көрсетті.    

Хорватиядағы турнирде Кувейттің футзалшылары Словения мен Грекияны ұтты. Екі кездесуде де 5:1 есебі тіркелді. Одан кейін Босния мен Герцеговина құрамасымен тең түсті – 3:3. Тек соңғы ойында ғана олар Венгрияға есе жіберді – 1:2.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар