Хоккей • 02 Қараша, 2018

Қазақстанның хоккейшілері Будапеште бақ сынайды

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ұлттық құрамасы 7-9 қараша аралығында Венгрияның астанасы – Будапеште өтетін «Еурошақыру» турнирінде бақ сынайды. 

Қазақстанның хоккейшілері Будапеште бақ сынайды

Айтулы жарыста Қазақстанның туы астында мына ойыншылар өнер көрсетеді:

Қақапашылар – Никита Бояркин («Сарыарқа») мен Валерий Севидов («Алматы»).

Қорғаушылар – Егор Шалапов («Номад»), Александр Пелевин («Номад»), Иван Степаненко («Бейбарыс»), Эмиль Нұрғалиев («Теміртау»), Мадияр Ыбырайбеков («Номад»), Никита Клещенко («Номад»), Кирилл Полохов («Номад») және Степан Александров («Алтай-Торпедо»).

Шабуылшылар – Владислав Никулин («Сарыарқа»), Аркадий Шестаков («Торпедо»), Кирилл Савицкий («Номад»), Дмитрий Гренц («Барыс»), Ярослав Евдокимов («Номад»), Александр Борисевич («Теміртауә), Валерий Гурин («Номад»), Дмитрий Гурков («Барыс»), Егор Петухов («Номад»), Кирилл Панюков («Номад»), Антон Некряч («Бейбарыс») және Андрей Яковлев («Номад»).

Жерлестеріміз 7 қарашада Венгриямен кездеседі. 8 қарашада Оңтүстік Кореяға қарсы ойнаймыз. Ал 9 қарашада Италиямен күш сынасамыз.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»