Аймақтар • 02 Қараша, 2018

Козловтың кісі қызығарлық ісі

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта жүздің ханы Абылай ханның екінші әйелі Сайман ханымнан туған Уәли ханның мазары Көкшетау қаласынан таяқтастам жердегі Қазақстан ауылының маңында. Хан мазары 2008 жылы туғанына 270 жыл толуына орай салынған болатын.

Козловтың кісі қызығарлық ісі

Биыл «Азия Агрохим» жауапкершілігі шектеулі се­ріктестігінің директоры Борис Козловтың де­меу­шілігінің арқасында ма­зардың маңайы әдемілеп қоршалды, төбе басына жиектей көтерілетін жол салынды. Мазарға келіп мі­нәжат еткен адамдар жай­ғасып, демалатын ор­нықты орындықтар қойыл­ды. Мазар төңірегі абат­тан­ды­рылып, тап-тұй­нақ­тай еті­ліп тазаланып, көркейіп қалды.

– Бұрын мазар салын­бай тұрғанда хан­ның ал­тын-күмісін ізде­ген әлде­кімдер талай рет қа­зып, берекесін кетір­ген екен, – дейді Бо­рис Коз­лов, – енді міне Көк­шетауға ат ізін салған, ел тарихын етене білгісі келетін адам­дардың ат ба­сын бұратын жеріне айналып отыр. Хан мазары қараусыз қалса, кейін­гілерге сын емес пе?

Серіктестік басшысының аталы сөзі жерде қалмады. Жақсы ісі жалғасын тауып, іле ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Оған Көкшенің ақсақалдары, Уәли ханның өз ұрпақтары, Науан хазірет атындағы облыстық мешіттің, об­лыстық тарихи-өлкетану му­зейінің ұжымдары атсалысты. 

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы