«Алтын дән» - бұл еңбек мерекесі болғандықтан Социалистік еңбек ері, 11 бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана, Ыбырай Жақаевтың шәкірті - Сәлима Жұмабекованы марапаттау рәсімінен бастау керек деп санаймын. Сыр елін «Алаштың анасы» деп атайды, ал Сәлима Жұмабекқызын «Сыр анасы» деп атауға болады», - деді аймақ басшысы.
Бұған дейін көпқабатты үйде тұрып келген Сәлима ана еңбек ардагерлеріне құрметі үлкен облыс басшылығына қамқорлығы мен жаңа кең баспанасы үшін алғысын білдірді.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ