Қазақстан • 03 Қараша, 2018

Астанада арбада отырып билеуден ашық чемпионат басталды

195 реткөрсетілді

Бүгін елордада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында пара биден ашық чемпионат басталды.

Пара би бойынша Астананың ашық чемпионатына еліміздің 6 аймағының (Астана, Шымкент қалалары, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстары) өкілдері қатысуда. Олардың арасында би спортынан Әлем және Азия чемпиондары мен лауреаттары бар. Ашылу салтанатына Қазақстан мен Ресейдің би ұжымдары қатысып жатыр. Сондай-ақ, чемпионат аясында хореография және сахна биінен балабақша тәрбиеленушілерінің де фестивалі өтуде.  

Одан бөлек, ертең үш бірдей шараның ашылуы болады. Олар - ҚР ашық чемпионаты, «Kazakhstan Open 2018» черлидерлер спортынан халықаралық турнир және заманауи, эстрадалық, халықтық және әртістік би бойынша халықаралық турнир.

Аталған сайыстарға Қазақстанның барлық өңірінен, одан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей өнерпаздары қатысады. Бишілер бәсекесі «Сен жұлдызсың» ұранымен өтеді.

«Пара би спорты елімізде кәсіби түрде 2009 жылдан бастап қолға алынды. 2010 жылы барлық өңірлердегі Мәдениет және спорт басқармасының жанынан пара би спорты бөлімі жұмыс істей бастады. Содан бері Қазақстан чемпионаты тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінде 34 адамнан тұратын ұлттық құрама бар. Қазақстан құрама командасы жыл сайын халықаралық жарыстарға қатысып жүлдемен оралады. Сөзіме дәлел келтірейін, үстіміздегі жылы біздің спортшылар Польша, Тайвань, Германия елдерінде өткен халықаралық байқау мен әлем кубогына қатысып, жүлделі орындар иеленді. Және бұны тек спорт түрі ғана емес, тағдыры ерекше жандардың басын қосатын мереке деп айтуға болады», - деді ҚР Заманауи және спорттық би федерациясының президенті Әлия Түсіпбекова.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған байқау қатысушыларға биыл өтетін Әлем және Азия чемпионатына лицензия алуға, сондай-ақ спорттық дәреже иеленіп, ұлттық құрамаға кіруге мүмкіндік береді. Яғни үздік деп танылғандар еліміздің атынан әлемдік жарыстарға қатысады. 

Осымен жетінші рет ұйымдастырылып отырған турнир қатысушылар үшін жылдың басты оқиғасы саналады. Олардың айтуынша, бұл шаралар өнер көрсетумен қатар, бір-бірімен араласып, өзара тәжірибе алмасу үшін де маңызды. 2011 жылы бастау алған өнер сайысы 7 жылдың ішінде 15 мыңнан астам бишінің басын қосқан. 

Шараны ұйымдастырушылар - Заманауи және спорттық би федерациясы мен Астана қаласының спорттық би федерациясы. Чемпионат ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен өтіп жатыр.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Данияр Саламат

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрболат Аманжол

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ерболат Қуатбек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Кеше

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Кеше

Күлкі керуені

Руханият • Кеше

Қыз әулие

Руханият • Кеше

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Кеше

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар