Қазақстан • 03 Қараша, 2018

Петропавл пәтер иелері коперативтері БҰҰ-ның грантына ие болды

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы екі пәтер иелері кооперативі  бизнес-жоспарларын сәтті қорғап, /ПИК/Біріккен Ұлттар Ұйымының грантын ұтып алды.

Петропавл пәтер иелері коперативтері  БҰҰ-ның грантына ие болды

Мир көшесінде орналасқан № 110-шы көпқабатты үйдің дәліздері  қырық жылғажуық жөндеу көрмепті. Қазір пластикалық терезелер, жылу батареялары, энергия үнемдегіш шамдар орнатылды. Пошта жәшіктеріне тапсырыс беріліпті.

«Бұған дейін дәліздер сыз, лас болатын. Біздің кооператив байқау жеңімпазы атанғанын естігенде қатты қуандық. Қабырғалар әсем түске боялып, адам танымастай кейіпке енді», дейді тұрғындардың бірі Ольга  Рабинович.

«Мир-2» ПИК төрайымы Рашида Морозовақыркүйек айында Астанада өткен ПИК жетекшілерінің біліктілігін арттыру курсына қатысу кезінде БҰҰ тарапынан ұйымдастырылған байқау жайлы біліп, ынталы топ құрады. Жүздеген үміткердердің арасынанбұлардың жобасы жоғары бағаланады.  4 миллион теңге гранттың екі миллионы қолға тиісімен дереу үйлерді қалпына келтіру шараларына кіріскен. Енді қалған қаржыны тосып отыр.

   Өңірлік пәтер иелері қауымдастығының төрағасы Сергей Худяковтың айтуынша,  Р. Морозова жетекшілік ететін ПИК баспаналарды жөндеуге үнемі белсене араласады. Проблемаларын бірге талқылап, олқықтарды  жою жолдарын әркез ақылдасып отырады. Олардың қызметіне ашықтық, мөлдірдік тән. Жеңімпаз атанған баспана тұрғындары жөндеуге қажетті қаражаттың тек 10 процентін өтеді. Қалғанын ұйымдастырушылар сыйға тартты.

ПИК-тер арасындағы байқау Инвестициялар және даму министрлігінің мұрындық болуымен БҰҰ дамыту бағдарламасы аясында өткізіліп келеді. Оған 3 петропавлдық копператив қатысып, екеуі жеңімпаз атанды. Олардың бірі–«Север» тұтынушылар кооперативі.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы