Президент • 05 Қараша, 2018

Еуразия бірлігіндегі Елбасының рөлі

331 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азия-Еуропа XII саммитіндегі (АСЕМ) баяндамасында әлемдегі проблемалар мен бәсекелестіктің салдарын айқындап, оларды шешудің жолдарын да атап өтті.

Еуразия бірлігіндегі Елбасының рөлі

Н.Назарбаев өз баяндамасында тарихтан мысал келтіре отырып, бәсекелес күштердің текетіресі әлемді бірте-бірте қақ­тығыстарға алып келетінін жеткізді. Шындығында АҚШ, Ресей, Қытай және Еуропа ода­ғы­ның мемлекеттері ара­сын­­дағы саяси тартыс эконо­микаға нұқсан келтіріп жатыр. Бәсекеде жеңімпаз бол­майды. Әлбетте, аталған мемлекет­тер­ге оның салдары әсер ететіні сөзсіз. Сон­дықтан мемлекет басындағы саясаткер­лердің ымыраға келуі кемел келешекке бастайды. Н.Назарбаевтың баяндамасынан көп уақыт өтпей АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресеймен КСРО кезін­де қол қойылған қару­сыздану келісімінен бас тартатынын жариялауы қауіптің күшейе түскенінің дәлелі. АҚШ пен Ресей әскер­лерінің оқу-жаттығу жиын­дарын жиі өт­кізуі де бекер емес. 

Жаһандық ойыншылар арасындағы бәсекелестік терроризмнің артуына да себеп. Украина, Сирия, Таяу Шығыс, Йемен, Иран сияқты мемлекеттерде терроризмнің өрши түсуі, әр елдің шешімді өз стратегиясы шеңберінде із­деуі, террорлық топ­тар тура­лы ақпараттың түрлі болуы әлемдегі қауіпсіздікке нұқ­сан келтіріп отыр. ДАИШ құрыл­ғанда бас ауыртпаған Еуропа елдері террористік әрекеттер өзіне келгенше мәселенің ма­ңыз­дылығын түсінбеген еді.

Бірінші дүниежүзілік со­ғыс­тан кейін құрылған Бірік­кен Ұлттар Ұйымы күн тәр­­тібін­дегі мәселелерді шешу­де әлі де шарасыз. Мұ­ның се­бебі БҰҰ Қауіп­сіз­дік Ке­ңе­сінің тұрақты мүше­лері­нің қарар қабылдаудағы еркін­дігі. Әлем­де бейбітшілік ор­нату үшін БҰҰ-ға мүше ел­дер­дің құқығы тең болуы шарт. Сирия­да, Украинада мың­да­ған адамның өмірін жал­маған соғыстың соңы жоқ. Дегенмен үлкен күштердің бұл мәселелерді шешпестен, өзара тартысуы аталмыш проб­­ле­маларды одан әрі у­шық­­­тырып, жаңа ұрпақтың үмі­тін сөндіреді. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 19 қазанында Брюс­­сель­де 51 мемлекет пен үкімет басшы­ларын жинаған Азия-Еуропа самми­тінен бұрын «Еурактивтің» бас редак­торы Грегорий Готевке берген сұх­ба­тында жаһандануға бас­тар мүмкіндік­термен бөлісті. Қазақстан Президентінің бас­та­масымен құрылған Еура­зиялық экономикалық кеңес, Жі­бек жолы экономикалық белдеуі мен Еуропа одағы жо­ба­лары­ның «Үлкен Еуразия» деген ат­пен бірың­ғай интеграция жо­ба­сы аясында бір­ле­суге мүм­кін­дік бар еке­нін айт­ты. 

Бұл се­рік­тестік құ­ру үшін ай­­тыл­­­­ған алғашқы ой. Үл­кен Еу­­ра­­зия мәдениеті деп си­­­пат­­­­­­та­­латын ұсы­­ныс негі­­зін­­­де зер­т­­теу жасап, әре­кет ету, кон­­­­фе­­­р­ен­­­циялар өт­кізу мүше мем­­­­ле­кеттерге пай­далы болмақ. 

Жаһандық бәсекелестік дамы­­маған мемле­кет­тер­дің ке­дей­­лене түсуіне әкеп соға­­ды. Қытай ұсынған Жаңа Жібек жо­лы жобасы, Ресей ұсын­ған Еура­­зия­лық эко­но­микалық одақ, Еуропа кеңесінің жобалары сын­ды ұсыныс­тардың мақсаты – өмір сүру деңгейін артты­ру, даму, демократия мен адам құқық­­тарының сақталуы.  Бұл үш жобаның да көздегені бір. Еуро­па-Азия мемлекеттерінің серік­тестігі барысында уақыт­ты да, мүмкіндікті де тиімді пайдалану маңызға ие. Жаңа Жібек жолы жобасы аясында Қазақстанның ор­­та­лыққа айналуы көптеген сала­лар­ды дамытуға мүмкіндік береді. 

Қытай соңғы жылдары тех­нологиялық инвестиция мен технология өндіру тұрғы­сында ілгеріледі. Алайда шы­ғар­ған тауарларды сату үшін нарық қажет. Еуропа ода­­ғы­ның мемлекеттері бұл тұр­­ғы­да тиімді. Яғни, Еуроо­дақ пен Қытай арасын­дағы бай­ланыс екі тарап үшін де ұтымды бо­ла­ды. Мемлекеттер ара­сын­да­ғы экономикалық серік­­тес­тік уақыт өте мәде­ни әріптес­тік­ке ұлас­пақ. Осы­лай­ша, Азия-Еу­ро­па ар­асын­дағы эконо­ми­­­ка­­ның іл­герілеуі сияқты Еу­ра­зия мәдениеті де алға басады.

Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің дағдарысын шешуші көшбасшы ретінде таныл­ды. 2017 жылы нау­рызда Астанада Орталық Азия кеңе­сінің алғашқы жиыны өтіп, өңір­дегі серік­тестік мәселелері талқы­ланды. Шекара туралы түйін тар­қап, өзара бәсекелестік серік­тес­тікке ұласты. Бұл қадам Қытай­дың Жібек жолы жобасын Орталық Азияның басқа елдерінің пайдалануына мүмкіндік береді. Азия­дағы проблемалардың шешім табуы Еуропамен эко­но­микалық және саяси серік­тестік құруға мүмкіндік бере­ді. Сондықтан  Қазақстан ұсын­ған сыртқы саясат стратегиясы Еуразия құрлығына тыныштық, бейбітшілік пен жандану алып келмек.

Н.Назарбаев айтқандай, бүгін және келешекте адам­зат­­ты сақ­таудың жалғыз жолы – әлем мемлекеттері мен көш­б­ас­шы­­ларының келіс­­­­сөз жүр­гізуі. Қазақстан тәуел­­­сіз­­­дігі­нің ал­ғаш­­қы жылдары­нан халықара­лық диалогты жақ­сарту үшін барын салуда. Түркия мен Ресей кейінг­і жыл­дары бұл мәсе­леде Қазақ­станмен ынты­­мақтаса жұ­мыс істеп келеді. Осы­лай­ша барлық әлемді жұмыл­дыр­уға ниеттіміз. Жаһан­дағы мә­селелер қарумен емес келіс­сөз­дермен шешіледі. 

Салих ЙЫЛМАЗ,

Анкара Йылдырым Баязит университеті, Ресей зерттеу институтының басшысы, профессор

Мақаланы аударған Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»