Қазақстан • 05 Қараша, 2018

Ж.Үшкемпіров: Елге пайда тигізу – ерге парыз

384 реткөрсетілді

Күз мезгілін шаруаның айы деп бекер айтпаған ғой. Әсіресе қыркүйек пен қазан диқан мен малшының маңдайы терлеп, жиын-терін, жем-шөптің қамын күйттейтін кезеңі. Дәл осы алтын мезгілде қол қусырып отырған шаруа адамын көрмейсің. Тіпті еңбек адамының артық-ауыс әңгімеге уақыты бола бермейді. 

Мәселен, даңқты спортшы, Еңбек Ері Жақсылық Үшкем­піров те сондай қарбалас шақ­тан енді өтіп, шаруадан қолы қазір босағандай. Жетісу өңірін­дегі Жамбыл ауданы және Балқаш ауданындағы шаруашы­лықтарының қысқа дайындығы мен жұмысшыларының жай-күйін қамдаумен жүрген кәсіп иесімен бірнеше мәрте телефон арқылы сөйлескенімізбен, пікірін білуге уақыт тығыздық еткен. Алғашқыда Мемлекет басшы­сының Жолдауына қатысты ойын айтуын сұраған болатынбыз. Аз-кем үнсіздіктен соң Еңбек Ері «Жолдауды эфирден тікелей тыңдап, негізгі бағыт­тарын бағамдадым. Биылғы басымдық әлеуметтің жағдайын оңдауға беріліпті. Бұл өзі науқан­шылдықпен бітетін іс емес. Әрі әркім Елбасы жүктеген міндет­ті қалай атқаратыны жайлы толға­нып, мүмкіндіктерін сара­лап алуы тиіс. Мына күзгі жиын-терін, мал қыстату қамын тиянақ­тап болған соң бола хабарын берермін...» деген-ді Жақсылық аға. Айтқандай-ақ, арнайы уақыт бөліп хабарласқан Олимпиада чемпионы әріден толғады.

– Елбасы Жолдауында «Үкі­метке және әкімдерге кем дегенде 100 денешынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырамын. Сондай-ақ қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимарат­тарын тиімді пайдаланып, дене­шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, сая­бақ­тарды жабдықтау қажет» деп менің көкейімде жүрген арманды тап басып, көрсетіп беріпті. Жалпы, бұқаралық спорт­ты дамыту тұрғындар денсау­лығы­ның жақсаруына ғана емес, мем­лекеттегі спорт саласының жетіс­тікке жетуіне жол ашады. Пре­зи­дент бұл жерде ұлттың ден­саулығын өскелең ұрпақ кезінен сақтауды, сол арқылы кәсіби спортқа бет бұратын саламатты буынның қалыптасуына қатысты аталы сөз айтып отыр. Және бұл бастама қазірдің өзінде нәтижесіз емес. Мысалға, Алматы облысын­да денешынықтыру-сауық­тыру кешенін салу ісі жақ­сы жүріп жатыр. Спортшы әрі Олим­пиада чемпионы ретінде жеңіс дәстүрінің үзілмей жалғас­қанын қалайсың. Ол үшін рухы мықты, денсаулығы зор, да­йындығы жоғары, шеберлігі шың­далған ұрпақ өсуі тиіс. Осы де­не­шынықтыру-сауықты­ру ке­шенінің табалдырығын имене аттаған бүгінгі жас бала ертең еліміздің абыройын әлемдік спорт додасында қорғайтын саң­лақ болып өспесіне кім кепіл? Лайым солай болғай. Елбасы әкімдерге осы дүниені жасаң­дар, халыққа жағдай жасаңдар деп отыр ғой.

Мен өзім осыған қат­­ты қуандым. Қолымыздан кел­­генше ауылымызға жағдай жа­сау­ға тырысып жатырмыз. Жамбыл ауданындағы Мыңбаев ауылын түлетуге күш салып жүр­генімді білесіздер. Еңбек Ері атан­ғанымда Елбасына «Нұреке, елімізде 5 мың ауыл бар шығар, сол ауылды көтеруге дайын 5 мың қалталы азамат шығып, түлетіп жіберсек, Отанымыз гүлденіп кетер еді. Бір арманым осы...» деген едім. Қазір Елбасына берген сол уәдемді орындап жүргеніме өзімді бақытты сезінемін, – дейді Ж.Үшкемпіров.

Десе дегендей, қазір Еңбек Ері туған ауылы үшін үлкен жұ­мыс жасап жатыр. Мыңбаев ауылынан бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандарды қайта жөндеуден өткізіп, ел игілігіне берді. Қағидасынан айнымаған чемпион алдымен спорт кешенін ашты. Оның құрылысына 73 млн теңге қаржы жұмсапты. Қазір ауыл жастары бұл кешенде күрес, бокс, ауыр атлетика, фитнес, футбол, волейбол, грек-рим күресі, еркін күрес, қазақша күрес, самбо, дзюдо, сол сияқты футбол, баскетбол, тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлеріне жаттығып жүр. Мұнан бөлек, Мыңбаев атындағы орта мектептің спорт залына да күрделі жөндеу жүргізіп берген. Тағы сол спорттың дамуы мен саңлақ ізбасарларының қамы. 

Спорттан бөлек, әлеуметтің қамын да ұмытқан емес. Өз қаржысына балабақша салып, оған «Жақсылық» деп есімін қойды. Мұнда ауылдың 100 бүлдіршіні тәлім алып жатыр екен. Жас отбасыларға арналған жатақхана да бар. 105 әулет осы шаңырақ астында тұрып, еңбек етуде. Көбі Үшкемпіров­тың шаруа­шылығында жұмыс істей­ді. Жалақылары жоғары, тұра­тын жерінде тұрмысқа қажет­ті жағдайдың бәрі жасалған. 

– «Мен істедім дегенше, ел істеді десеңші...» деген қазақ­тың сөзі бар ғой, аз-кем ең­бегі­міздің өтеуін елдің алғы­сы­мен қайтарып жатырмыз. Бұл – азаматтық парызымыз. «Елде болса – ерінге тиеді» деген да­налық та тегін айтылмаған. Ел­басы биылғы Жолдауында аза­мат­тарды Отаншыл болуға, туған жерін түлетуге үндеп жатыр. Оның нақты жолдарын көрсетіп берді. Халқымыздың әл-ауқатын арттыруға, тұрмысын түзеуге Үкімет білек сыбанып кірісіп жатыр. Президенттің мұға­лімдердің мәртебесін көтеру­ге, дәрігерлердің жалақы­сын көбейтуге тапсырма бергені ел ішін сүйсіндіріп тастады. Өйт­кені осы екі мамандық өкіл­дері ауылдың қалыпты дамуы­на үлес қосуда. Кеше ғана ор­та­лықтан алыс елді мекенде болдым. Жұрттың аузында Жолдаудың тұрғындардың тұр­мысын жақсартуға деген бас­тамасы. Енді Мемлекет басшы­сы жүктеген осы міндетті мін­сіз ат­қару­ымыз керек, – деп түйін­деді сөзін Жақсылық аға.


 

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Таушық ауылы 80 жылдығын тойлады

Аймақтар • Бүгін, 16:35

Абай дүкені – Бельгияда

Руханият • Бүгін, 16:32

Герольд Бельгерге көше берілді

Қазақстан • Бүгін, 15:57

Ең қысқа әңгіме. Риза Исаева

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 15:50

Ең қысқа әңгіме. Нұрбике Құдайбергенова

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 15:45

Ең қысқа әңгіме. Дәурен Дариябек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 15:39

Ең қысқа әңгіме. Назерке Саниязова

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 15:37

Ең қысқа әңгіме. Ақылбек Шаяхмет

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 15:22

Ең қысқа әңгіме. Алдаберген Кемпірбай

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 13:00

Ең қысқа әңгіме. Еркеғали Бейсенов

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 12:42

Ең қысқа әңгіме. Көгедай Шәмерхан

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 12:39

Ең қысқа әңгіме. Жасұлан Серік

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 12:37

Ең қысқа әңгіме. Ақжол Қалшабек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 12:28

Ең қысқа әңгіме. Нұрбек Нұржанұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 12:24

Сағынайдың бейіті табылды

Аймақтар • Бүгін, 10:52

Ақмоланың астығына сұраныс мол

Аймақтар • Бүгін, 10:22

Күлкі керуені № 7

Руханият • Бүгін, 10:20

Аталмай неге қалсын Мұса аты?!

Руханият • Бүгін, 10:01

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Бүгін, 08:49

Алаштанушы ғалымның белесі

Руханият • Бүгін, 08:47

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Бүгін, 08:46

Намазалы Омашұлы: Ел шежіресі

Руханият • Бүгін, 08:42

Тараз шаһарындағы тамаша түн

Аймақтар • Бүгін, 08:39

Тұңғыш Тіл форумы өтеді

Қоғам • Бүгін, 08:36

Патриархтың орындалған парызы

Руханият • Бүгін, 08:33

Кедергісіз келешек

Қоғам • Бүгін, 08:31

Жошы ханға ескерткіш орнатылады

Руханият • Бүгін, 08:24

Қазақтардың атқа міну мәдениеті

Қазақстан • Бүгін, 08:22

Еуроны сатып алушылар көбейді

Экономика • Бүгін, 08:20

АQR: 14 банкті «сауықтыру» керек пе?

Экономика • Бүгін, 08:15

Ұқсас жаңалықтар