Жалағашта «Ақбала» тігін цехының жұмыс жасап тұрғанына он жылдың жүзі болған. Цехты іске қоспас бұрын арнайы оқу орнында оқып, кәсіптің қыр-сырын меңгерген кәсіпкер бүгінде көптеген отбасыларға жаңа жұмыс орнын ашып беріп отыр.
– Бажайлап қарасаңыз, біздің көбіміздің тұтынатын бұйымдарымыз бен киіп жүрген киіміміздің басым бөлігі шет мемлекеттерден экспортталады. Қазіргі кезде кәсіпкерлер отандық өнімді нарыққа молынан шығара бастады. Біз де жергілікті өнімді өркендетуге өз үлесімізді қоссақ деген мақсат бар. Тұтынушы талғамынан шыға білгеннің нәтижесінде кәсіпті одан әрі дөңгелентуге мүмкіндік туды. Кәсіп ашқан жылдары мемлекеттік бағдарлама арқылы жылдық үстемесі төмен, жеңілдетілген несие алдық. Бүгінгі таңда сұранысқа сай жұмыс жасап келеміз, – дейді цех иесі.
Ұлттық нақышта киімдер тігіп, тұтынушылардың көңілінен шығып отырған цех иесі алдағы уақытта бизнесін кеңейтуді көздеп отыр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы