«Медеу» қонақтары тек коньки теуіп қана қоймай, арнайы ойын-сауықтық бағдарламаларға қатысып, концерт тамашалап, түрлі бағалы сыйлықтар ойнатылатын сайыстарда бағын сынауына болады.
Менің конькимен сырғанап жүргеніме 5 жыл болды. Нұсқаушы болсам деп өз шеберлігімді шыңдадым. Маған сабақ берген ерекше ұнайды. Келушілерге кеңесімді беріп тұрамын. Бұл спортта ең бастысы қызығушылық пен ынта. Көп адамдар коньки таңдаудан қателесіп жатады, және өздерінің тепе-теңдіктерін сақтай алмайды. Оның бәрі жаттыға келе түзеледі, тек талаптанып, қорықпау керек, – дейді нұсқаушы Дмитрий Подпорин.
Еске салсақ, қыс айларында бұл жоба Алматылықтар мен қала қонақтары үшін былтыр да үздіксіз ұйымдастырылған болатын. Конькимен сырғанауға ақысыз түрде үйрету сабақтары биылғы жылдың соңына дейін жалғасады деп жоспарланған.
«Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру» дейді жобаны ұйымдастырушылар
Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен қазақстан»
АЛМАТЫ